Транзит әлеуетіне арналған конференция өтеді

Жаңалықтар
16.05.2025, 08:49
Суретті түсірген Александр Жабчук
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биыл 17-18 маусымда Алматыда жылдағыдай «Қазақстандық көлік-логистикалық форумы-2025: транзиттік әлеует және инфрақұрылым» тақырыбында конференция өтеді.  

Жиында Орталық Азияның көлік үдерісінде маңызды рөл ойнайтын Қазақстанның көлік инфрақұрылымын дамыту перспективалары мен соңғы жетістіктері ұсынылады. Астық, тау-металлургия, мұнай өнімдері, тыңайтқыштарды қоса алғанда Қазақстанның негізгі экспорттық бағыттары мен олардың көлік инфрақұрылымын дамытуға әсері талқыланады. Айта кетсек, бұл конференцияға былтыр 15 елден 130-дан астам компания қатысқан болатын. Іс-шараның алғашқы күнінде көрме ұйымдастырылып, форум өтсе, екінші күні логистикалық кәсіпорындарға экскурсия ұйымдастырылады. Сондай-ақ Қазақстанның көлік инфрақұрылымы, қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, ТХКБ дамуы, халықаралық теміржол тасымалдары, жаңа қызметтері мен бағыттары, Қазақстандағы теміржол тасымалы бойынша тариф саясаты, Қытайдан жаңа сауда бағдарлары құрылысының геосаяси және экономикалық аспектілері сөз болмақ.  

Конференцияға сонымен қатар астық, көмір, кокс, тыңайтқыштар, мұнай, болат, металлургиялық шикізат және болаттан жасалған дайын бұйымдар, құрылыс материалдары және т. б. өндірушілер, трейдерлер және тұтынушылар, жүк тасымалдау компаниялары: кеме иелері – операторлар, агенттер, брокерлер, теміржол операторлары, контейнер желілері, кешенді логистикалық қызметтерді жеткізушілер де қатысады. Оған қоса порттар мен терминалдар, стивидорлық компаниялар, экспорттаушылар, импорттаушылар, порт жабдықтарын жеткізушілер, теңіз саудасын бақылауға қатысатын кеңесшілер, қаржы институттары: инвестициялық банктер / инфрақұрылымдық қорлар, қауымдастықтар мен мемлекеттік органдар өкілдері де келеді деп күтіліп отыр.  

 

Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды