Студент темір жол станциясында суицид жасамақ болған азаматты құтқарып қалды

Жаңалықтар
19.05.2025, 11:15
Фото: Көліктегі полиция департаменті

2025 жылғы 14 мамырда сағат 17:10 шамасында Қостанай теміржол станциясында қайғылы оқиға орын ала жаздады. Көпірден секірмек болған азаматты 18 жастағы студент құтқарып қалды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, перронды күзетіп жүрген Қостанай станциясындағы желілік полиция бөлімінің патрульдік полицейі Арсен Әбілмажинов жаяу жүргіншілер көпірінде ер адамның күмәнді әрекетін бірден байқаған. Ол көпірдің қоршауынан асып, өз-өзіне қол жұмсамақ болған.

Полиция кіші сержанты Әбілмажинов бір сәтте ойланбастан көпірге қарай жүгірді. Сол сәтте көпірдің үстінде 18 жастағы Аян Карбаев есімді жаяу жүргінші келе жатқан. Полицейдің «Ұста оны!» деген дауысы естілгенде, жас жігіт өз қауіпсіздігін ойламай, асқан жылдамдықпен ер адамның қолынан шап беріп, ұстап қалады.

Ер адамның қарсыласқанына қарамастан, оқиға орнына дереу жеткен полицей бар күш-жігерімен қоршаудың арғы жағында тұрған азаматты қауіпсіз жерге шығарып алады. Арсен шарасыз күй кешкен азаматты тыныштандырғаннан кейін полицияның кезекші бөліміне хабар береді.

«Бірден оқиға орнына тергеу-жедел тобы мен Қостанай станциясының ЖПб басшылығы келді. Тексеру барысында, 29 жастағы қала тұрғынының ауыр эмоционалды күйде болғандығы белгілі болды. Қостанай станциясының ЖПб қызметкерлері күйзеліске ұшыраған азаматқа психологиялық көмек көрсетіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстарын бастады», - делінген хабарламада.

Тәртіп сақшысы мен студенттің бұл жанкешті әрекеттері бірлескен әрі батыл қадамның жарқын үлгісі болды.

2024 жылғы тамызда ішкі істер органдарына қызметке орналасқан Арсен Серікұлы Әбілмажинов тек кәсібилігін ғана емес, сонымен қатар жоғары адамгершілік қасиеттерін көрсете білді. Қажет кезде шұғыл шешім қабылдай білудің арқасында бір адамның өмірі аман қалған.

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті заң факультетінің студенті Аян Төлегенұлы Карбаевтың да тәуекелге бел бууы ерекше құрметке лайық. Ол қиын сәтте көмек қолын ұсынды.

Департамент басшылығы патрульдік полицейі Арсен Әбілмажинов пен Аян Карбаевтың іс-әрекетін жоғары бағалады. Алдағы уақытта оларды көрсеткен ерлігі, қайсарлығы және белсенді азаматтық ұстанымы үшін марапаттау туралы шешім қабылдамақ.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда