Қостанай станциясында эпилепсиямен ауыратын әйелге шұғыл көмек көрсетілді

Жаңалықтар
21.05.2025, 09:28

17 мамырда Қостанай станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері теміржол вокзалының ғимаратында эпилепсиямен ауыратын әйелге шұғыл көмек көрсетіп, жоғары кәсіби даярлықтары мен шапшаңдықтарын көрсетті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, сағат 09:44 шамасында вокзал кезекшісі бірінші қабатта әйел адамның есінен танып, құлап қалғанын перрондардың бірінде жүрген кезекші жедел-тергеу тобына хабарлаған. Полицейлер бірден оқиға орнына жетті.

«Қызметкерлер күту залында ес-түссіз жатқан әйелді тауып алды. Оның бойында эпилепсия ұстамасының белгілері байқалды, яғни, қалтырап, тілін тістегеннен аузынан қан аққан. Тәртіп сақшылары бір сәт кідірместен алғашқы медициналық көмек көрсетті: науқасты бір қырына жатқызып, ауыз қуысын ашып, тыныс жолдарының ашық болуын қамтамасыз етті, осылайша тұншығудың алдын алды», - делінген хабарламада.

Вокзал қызметкерлері жедел жәрдем қызметін шақырды. Зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынды.

Тексеру барысында, вокзалдың төменгі қабатында болған 40 жастағы әйелдің кенеттен есінен танып, еденге құлағандығы анықталды. Қостанай станциясындағы желілік полиция бөлімі қызметкерлерінің шұғыл әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында ауыр зардаптың алдын алуға мүмкіндік туды.

Құтқару жұмысына жедел-тергеу тобының қызметкерлері, атап айтқанда, жедел-криминалистикалық топтың аға криминалисі полиция майоры Евгений Юдаков, Қостанай станциясы Тобыл бекетіндегі қылмыстық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Нұрбол Абиров, тергеуші полиция капитаны Ерлан Мухитденов және патрульдік полиция қызметкері полицияның аға сержанты Аблай Қаппазов қатысты.

Полиция аға сержанты Аблай Қаппазов үшін мұндай төтенше жағдайларда азаматтарға көмек көрсету үйреншікті іс. Мәселен, 2019 жылы ол қызмет барысында өз-өзіне қол жұмсамақ болған азаматты құтқарып қалған болатын.

«Біз академияда оқып жүргенде үйреткендей жағдайға сай әрекет еттік. Мұндай жағдайда абдырап қалмай, жедел шешім қабылдай білу өте маңызды. Сол арқылы біреудің өмірін сақтап қалға болады», — дейді полицейлер.

Бұл оқиға құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жоғары кәсіби дайындығы мен төтенше жағдайларда әрекет етуге әрдайым дайын екендіктерін және азаматтардың қауіпсіздігіне зор жауапкершілікпен қарайтындықтарын көрсетті.

Көлік полицейлері өз міндеттерін адал атқарып, еліміздің әуе және темір жол көлігі объектілерінде қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында күнделікті қызметтерін жалғастыруда.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда