Алматыда халықаралық логистикалық хаб ашылды

Жаңалықтар
10.06.2025, 16:03

Алматыда ZHETYSU заманауи контейнерлік терминалы ашылды. Ауқымды инфрақұрылымдық жоба "ҚТЖ" ҰК" АҚ еншілес компаниясы - "Кедентранссервис" АҚ мен Xi’an Free Trade Port Construction and Operation қытайлық компаниясы арасындағы халықаралық әріптестік нәтижесінде жүзеге асты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Негізгі көлік магистральдарының қиылысу нүктесінде бола отырып, жобалық қуаты жылына 115 000 ЖФБ болатын терминал жүк ағындарын шоғырландырудың стратегиялық орталығына және Қазақстанның ең ірі импорттық хабына айналады. Терминал көлік байланысын күшейтеді және логистикалық шығындарды азайтады.  

Ашылу күні терминалға Сиандағы (ҚХР) Қазақстан-Қытай жүк терминалынан жөнелтілген алғашқы контейнерлік пойыз келді.

Іс-шараға "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, Шэньси провинциясы (ҚХР) партия комитеті хатшысының орынбасары, Шэньси провинциясының губернаторы Чжао Ган және басқалар қатысты.  

"Қазақстан Орталық Азия мен Каспий өңірінің толыққанды көліктік-логистикалық хабына айналуға ұмтылуда. Біз Қорғас пен Сиандағы Құрғақ порттар, Ляньюнгандағы халықаралық логистикалық хаб, Құрық және Ақтау теңіз порттары сияқты ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыра, осы бағытта сенімді түрде жүре отырып, халықаралық дәліздер бойында логистиканы дамытып жатырмыз. Алматыда жаңа терминалдың ашылуы - стратегияның бір бөлігі", - деп атап өтті "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов.

"Бұл терминалдың ашылуы - екі елдің "Бір белдеу және бір жол" аясындағы ынтымақтастығының символдық жобасы ғана емес, сонымен қатар экономикалық интеграцияның негізгі драйвері. Бұл Қытай, Қазақстан және Еуразия арасындағы экономикалық өзара іс - қимылдың тұрақты өсуін қамтамасыз ететін халықаралық логистикалық хаб", - деп атап өтті Xi'an Free Trade Port Construction and Operation Co., Ltd. бас директоры Юань Сяоцзюнь.  

Терминал аумағында салтанатты ашылу аясында стратегиялық ынтымақтастық пен экологиялық жауапкершілікті нығайтудың белгісі ретінде екі ел өкілдері ағаш отырғызды.  

Анықтама: Терминалдың жалпы ауданы 9,8 га. Контейнер алаңы 9200 м2 құрайды және 1 101 TEU дейін бір реттік сақтауға арналған. Қойма үй - жайларының ауданы 23 400 м2-ге жетеді, коммерциялық автокөліктерге арналған тұрақ аймағы-8 900 м2.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады