Душанбеде ТМД елдері теміржол көлігі кеңесінің 82-ші отырысы өтті

Жаңалықтар
11.06.2025, 21:30

Тәжікстан Республикасының Душанбе қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің Теміржол көлігі кеңесінің 82-ші отырысы өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жиынға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан теміржол әкімшіліктерінің басшылары, сондай-ақ Грузия, Иран, Латвия және Эстония әкімшіліктерінің өкілдері қатысты.

Қазақстан атынан «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Талғат Алдыбергенов қатысып, баяндама жасады.

Отырыс барысында 2025 жылдың алғашқы тоқсанындағы теміржол саласының жұмысы қорытындыланды. ТМД елдерінің теміржол желісі бойынша 387,2 млн тонна жүк тасымалданған. Жүк айналымы 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 %-ға артты.

Контейнерлік тасымалдар жоспадан 8,3 %-ға, ал өткен жылдың алғашқы тоқсанымен салыстырғанда 5,6 %-ға артық орындалған. Жүк вагондарының орташа тәуліктік жұмыс паркі – 1,4 млн бірлікті құрады.

Халықаралық жолаушылар тасымалында да оң динамика байқалды: жолаушылар айналымы 17 %-ға өсіп, тасымалданған жолаушылар саны 2,3 млн адамға жетті. Бұл – өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 16 %-ға көп.

Кеңестің келесі, 83-ші отырысы 2025 жылғы қарашада Әзербайжан Республикасының Баку қаласында өтеді.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда