Мұнай тасымалына  – жасыл жол

Жаңалықтар
29.08.2017, 10:08
Мұнайлы аймақтағы экономикалық жобалардың табысты жүзеге асуына теміржол саласының үлесі мол. Ежелгі Атырау мұнай өңдеу зауытының тәуелсіздік жылдары жаңғыртудан өтіп, мұнай өнімдері түрлерінің көбеюі, мұнайды тереңдетіп өңдеу кешенінің аяқталуы сынды жобалар теміржол саласының да дамуын қажет еткені анық.   Тек теміржол емес, жалпы ел экономикасына серпін беретін жоба – өткен жылы пайдалануға берілген Теңдік станциясы туралы бұған дейін де жазғанбыз. Жуырда «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС өз  өнімдерін  жаңа логистикалық кестемен, «Промышленная» станциясы – магистральды Теңдік станциясы арқылы жөнелтуді бастады. –Биыл көп жылдардан бері күрмеуі жазылмай келген өзекті мәселе шешімін тапты. Теңдік станциясының күрделі жөндеуден өтуі – бөлімшенің екінші тынысын ашты.  Енді «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің  жүк көлемі «Теңдік» станциясына ауысып, қала ішінде  орналасқан, 70 жылдан бері  зауыттан шыққан өнімдерді тасымалдап келген «Ақжайық» станциясының жүгін жеңілдетіп, басқа мақсатта тиімді пайдалануға мүмкіндік тумақ. Атырау қаласының орталығында орналасқан «Ақжайық» станциясының қабылдау-өткізу мүмкіндігі шектеулі болса да осыншама жылдар бойы тығырықтан шығып, қауіпсіз қызмет көрсетіп келген  теміржолшылар үшін  қолайсыздық өз алдына, қаланың орталығында орналасқан «Ақжайық» станциясына мұнай зауытынан тасымалданатын жанар-жағар май мен адам өміріне қауіп төндіретін  өзге де жағымсыз, улы заттар қалдығы экологияны ластап, тұрғындар өміріне қауіп төндіретіні жасырын емес еді. Осы мәселені жергілікті халықтың атқарушы билік алдына қойып,  зауыт өнімдері қала сыртымен тасымалданса деп ұсыныс білдіргелі  8 жылдай уақыт болды. Нәтижесі міне, жоба толықтай жүзеге асып отыр, – дейді  Атырау бөлімшесінің директоры Бөріхан Беркімбаев. «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нен  бүгіндері сапалы еуростандартқа сай мұнай өнімдері шығарылып, экспорттала бастады. Елбасының мұнайды заманауи технологиялармен өндіру тапсырмасына сай, мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені  жобасы аясында және аталмыш зауыттың көлік инфрақұрылымын дамыту жобасымен салынған «Промышленная» станциясына тоқталсақ, «Атырау Мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің баспасөз қызметі хабарлағандай,  инфрақұрылымы заманауи талаптарға сай станцияның мүмкіндігі өте кең. Бүгінгі таңда қосымша булап жуатын станция мен ашық мұнай өнімдерін герметикалық құятын эстакада құрылысы аяқталуда. Айналма жол тұрғын үйлер шоғырланған аумақтан алшақ орналасқан, 11 жол айырығын (әрқайсысының ара қашықтығы 1 км) және Атырау теміржол бөлімшесінің «Теңдік» станциясынан «Промышленная» станциясына дейін жалпы қашықтығы 14 км болатын тораптық және кірме теміржолды құрайды. Жаңа станцияның жүк айналымы жобада көзделгендей бұрынғыдан бір жарым есеге артып, тәулігіне 300 вагонды өткізуді қамтамасыз етеді. Тәулігіне орта есеппен 17,5 мың тонна өнімді жөнелтуге мүмкіндігі бар. Бұл Атырау мұнай өңдеу зауытында соңғы жаңғыртудан кейін жылына өңделетін 5,5 млн тонна мұнай өнімдерін тасымалдауды қамтамасыз етуге кепіл. Атап өткен жөн, жоба әуел бастан жергілікті экологиялық ахуалды оңалтуға бағытталған. «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС өнімді осы  «Промышленная» станциясында жөнелтуге дайындалып, құйылып-жуылып , әрі қарай Теңдік станциясы арқылы жөнелтіледі.    «Теңдік» станциясы басшысы Тимур Өміровтың айтуынша, станция  соңғы технология бойынша жабдықталған. Мұнда «МПЦ-И» орталықтандырылған басқару пульті орналасқан. Станция ғимараты түбегейлі жаңартылған. Онда станция бастығы, станция кезекшісі, оператор, вагон қараушылар, байланысшы, жолшылар, электр энергиясымен қамту, кеден, басқа да қызметкерлер үшін арнайы бөлмелер жабдықталған. Ғимаратқа дербес газ, су, жарық, кәріз жүйелері жүргізілген. Жұмысшылардың еңбек етуіне қолайлы жағдай жасайтын  асхана, киім ауыстыратын, жуынатын бөлмелер де бар.             Станция аумағында жоғары матчталы, биіктігі 25 метрлік 17 дана жарық бағандары орнатылған. Оның әрқайсысында бірнеше прожекторлар орнатылған. Сондай-ақ,  темір жолдың жанынан дыбыс оқшаулағыш қалқа орнатылған. Бұл станция аймағын жақын маңдағы ауыл тұрғындарын тепловоздың дауысы, вагонның тарсылынан оқшаулайтын  қолайлылықты туғызу үшін жасалған. Станция басында бұрынғы 2 жолға қосымша жаңа 2, 4, 6-шы 3 қабылдап-жөнелту және вагондарды құрастыратын сегізінші жол салынып, бұл өз кезегінде станцияның өткізу қабілетін бұрынғыдан екі-үш есеге арттырған.  Станциядағы пойыздар қозғалысы, маневр жұмыстары, вагон қабылдап-жөнелту монитор арқылы автоматты түрде бақыланып отырады. Жаңадан 9 бағыттамалы бұрма іске қосылып, олар автоматты түрде ажыратылып, қосылады. Сонымен қатар, станция басында қуаттылығы 50 киловатт алып дизель генераторы бар ғимарат салынған. Егер жарық сөніп қалған жағдайда, генератор автоматты түрде қосылады. Бұл жұмыстың кідіріссіз және қауіпсіз атқарылуына жағдай жасайды.             Станция аумағына  қырыққа жуық  бағдаршам орнатылған. Радио, телефон байланысы, станция паркіне таралатын дыбыс күшейткіш, машинистермен байланыстың бәрі соңғы үлгідегі қондырғылар арқылы жабдықталған. Бүгінде «Ақжайық» станциясының 28 маманы «Теңдік» станциясында қызмет етуде. Ал «Промышленная » станциясында  Атырау жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты  мамандардан вагондарды қабылдап-жөнелтуші мен тауар есепшісі отыр.                        Осылай өңірдегі ірі жүк тасымалдаушы «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің өнімдерін тасымалдау «Теңдік» станциясына беріліп, талай жыл шешімін таппай келген мәселеге нүкте қойылды деуге болады. Ал мұнай тасымалына 70 жыл қызмет етіп келген «Ақжайық» станциясы да ұтылған жоқ. Бұған дейін «Гелус», «Атырау мұнай өнімдері», «Каспий промстрой недвижимость», «АМГ» компании және «Жайық газ» және ТЭЦ сынды ірілі-ұсақты мекемелерге келетін-кететін  жүк тасымалына осы «Ақжайық» станциясы қызмет көрсетеді.          Айта кетейік,  «Ақжайық» станциясының тарихы сонау  1939 жылдан басталады. Кешегі сұрапыл соғыс жылдарында мұнай өңдеу зауытынан шыққан мұнай өнімдері осы «Ақжайық» станциясы арқылы тікелей майданға жөнелтіліп отырды. Алғашынды 4 жол болып, кейін ол 10 жолға көбейді. Бірақ жолдардың қысқа болуы станция мамандарына , әсіресе пойыз құрастырушыларға көп қиындық пен қолайсыздық  туғызып келді. 14 жолдың 12-нің ұзындығы 29,54 вагон сиятын қысқа жол. Тек екі жолда ғана 82 вагон тұра алады. Дөңесі жоқ станцияда пойыздарды құрастыру, яғни мұнай зауытынан шыққан түрлі  өнім тиелген цистерналарды дара-дара жолға сараптап жинап,  пойыз құрастыру теміржолшылардың күнделікті жұмысын ауырлата түсті. Сондай-ақ, сол 1939 жылдан 2009 жылға дейін «Ақжайық» станциясында жұмыстың дені қолмен атқарылып келді. Тек 2010 жылы «Ақжайық» станциясы толықтай орталықтандырылған жүйеден басқаруға көшкен.  –«Ақжайық» станциясының негізгі жүгі «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің өнімдері болды. Әсіресе көктем мен күзде, мұнай зауытынан шыққан дизель, автомобильдерге жанар-жағар майды жөнелту жұмыстары ерекше қызу жүреді. Жылдың осы мезгілдерінде ауылшаруашылығы саласындағы егін егу мен жинау науқанында зауыт өнімі уақытылы жету үшін жанталас басталады. Станцияда 65 кірме жол бар. Атырау мұнай өңдеу зауытынан соңғы жылдары тәулігіне 240-250 вагонға дейін жөнелтетін болдық. Бірақ қандай қиындықпен, өйткені «Ақжайық» станциясының   қабылдау-өткізу мүмкіндігі шектеулі, станцияны техникалық жағынан жаңалау мүмкін еместігі проблема болғалы біраз жылдар  болған. Бүгін міне, негізгі жүк, яғни мұнай өңдеу зауытының жүгі қаланың сыртымен салынған айналма жол арқылы Теңдік станциясына жөнелтілетін болды. Бұл Ақжайық ендігі жерде жұмыссыз қалады деген сөз емес, жүктемесі әлі де жеткілікті, – дейді станция басшысы Аслан Лұқпанұлы.

Тұрсын ҚАЛИМОВА,  АТЫРАУ

Жаңалықтар
12.12.2025
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісі Сарыағаш станциясы жүктемесін 40% төмендетеді
Әлемде
12.12.2025
Қытайлар Африкадағы ең ұзын теміржол көпіріне рельс төсеуді аяқтады
Аймақтар
12.12.2025
Қызылжар станциясындағы локомотив бригадаларының демалыс үйіне күрделі жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
12.12.2025
Үздік инноваторлар анықталды
Аймақтар
12.12.2025
Темір жол ревизорларының жұмысы: биыл ауыр апаттар тіркелмеді
Жаңалықтар
12.12.2025
ҚТТ: Стратегиялық басым бағыттар
Жаңалықтар / Мұрағат
12.12.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №103 12 желтоқсан 2025 жыл
Жаңалықтар
11.12.2025
Ауа райы нашарлаған кезде ҚТЖ пойыздардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар енгізеді
ҚТЖ келбеті
11.12.2025
Машинистен профессорға дейін: Ибрай Бисалиевтің еңбек белестері
Аймақтар
11.12.2025
Күзет қырандарына құрмет
Аймақтар
11.12.2025
«TemirSkills – 2025» кәсіби шеберлікті шыңдайды
Жолаушылар тасымалы
10.12.2025
Жаңа жыл қарсаңында қала маңы пойыздары қосымша 3 мыңнан астам жолаушыны тасымалдайды
Жаңалықтар
10.12.2025
ҚТЖ-да Alstom-ның қатысуымен жыл сайынғы техникалық семинар өтті
Сұхбат
10.12.2025
Мүмкіндігі мол мұнайлы аймақ
Жаңалықтар
10.12.2025
ҚТЖ-да XIV республикалық жастар форумы басталды
Әлемде
10.12.2025
Қытай ЖТС бойынша жүкті экспресс-жеткізудің жаңа сервисін іске қосты
Инфрақұрылым
09.12.2025
Президент тапсырмасы бойынша ҚТЖ 4 мың шақырымнан астам темір жолды жөндеді
Жүк тасымалы
09.12.2025
2025 жылдың 10 айында теміржол көлігімен 380 млн тоннадан астам жүк тасымалданды — Көлік министрлігі
Жүк тасымалы
09.12.2025
Қытайға теміржол экспорты 11%-ға өсті
Сұхбат
09.12.2025
Астық экспорты және вагон кептелісі: негізгі себептер мен шешімдер