Жанармай шығыны – жұмыс көлемінің артуы
Жаңалықтар
29.08.2017, 10:31
Семей ЖТ бөлімшесі бойынша биылғы жылдың басты ерекшелігі пойыз тартымының артуы болып отыр. Ал, аталмыш мәселе бірінші кезекте отын-энергетикалық ресурсқа ықпал етіп отыр.
Бұл тарапта тоқталар жайт, ағымдағы 6 айдың өлшемі бойынша отын жұмсаудың үлес салмағы 25,52 кг/10 мың т.км. брутто бола тұра, жұмсалғаны 28,19 кг/10 мың т.км. бруттоны құрапты. Осы жайтқа тереңірек үңілген мамандар бұл көрсеткішке ықпал еткен бірқатар позитивті жайттарды анықтапты.
Атап айтсақ, дизель отынының артық жұмсалуының негізгі себептерінің бірі – бөлімше бойынша жүк айналымының брутто көрсеткішінің ұлғаюы болып отыр. Биылғы есеп еселеп өсіп, 113,8 пайызға артқан. Тағы бір қосымша себеп, қозғалыстағы шаруашылық түрлері көбейген. Оның ішінде жол техникаларының тепловоздармен жұмыс жүргізуі әлдеқайда артыпты.
Бір бұл емес, дизель отынын жұмсау бойынша жолаушылар пойызында да артық мөлшер тіркеліпті. Ал, оған ықпал еткен жайт – қосымша №67/68 жолаушылар пойызын күнделікті айналымға қосу болған. Бір ғана осы тарапта 49 тонна жанармай артық жұмсалғаны анықталыпты.
Сол тәрізді маневрлік қозғалыс бойынша да жанармайды артық жұмсау байқалады. Дегенмен, оған да позитивті себеп бар. Өйткені, өткен жарты жылдық бойынша жүк айналымының артуы себепті маневрлік локомотивтер саны 3,1 бірлікке көбейген. Яғни, өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда көрсеткіш анағұрлым жоғарылап, жанармай 182 тоннаға артық жұмсалыпты.
Отын шығыны бойынша жоспардан тыс жүзеге асқан, алайда, оң ықпал еткен жайттар қатарын әлі де толықтыра түсуге болады. Мәселен, ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында автомобиль көлігінен теміржолға ауыстырылған жүктердің де көлемі айтарлықтай өскен. Тек осы орайда ғана 32,4 мың тоннаның жүгі тасымалданғанын ескерсек, оған жұмсалатын жанармай да өсетіні белгілі.
Жалпы, отын-энергетикалық ресурс бойынша басы артық шығынға орын берілген жоқ. Қол сұғу оқиғасы тіркелмеген. Қауіпсіздік үшін барлық тепловоздар энергетикалық отын тартымын автоматтандырылған басқару жүйесі сынды жаңашыл аспаппен жабдықталған. Бұл жанармай жұмсаудың есебіне адам факторының араласуына жол бермейді.
Жарты жылдық көрсеткіш бойынша отын-энергетикалық ресурстың жұмсалуына жүргізілген сараптама осы тәрізді бірқатар жайттардың анықтап, базбір фактілерді нақтылап берді. Ескерерлігі сол, жұмсалатын шығындар бойынша мұндай ерекшеліктер соңғы жылдары тіркелмеген болатын.
Қуаныш Қожаев, Семей
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды