Астанада теміржол саласына кадр даярлау мен жұмыспен қамту жолдары қаралды

Жаңалықтар
24.06.2025, 09:01
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астана қаласы әкімдігінің Көлік және коммуникация жоғары колледжі базасында «Теміржол мамандықтарының болашағы: кадрларды даярлау және жұмыспен қамту» тақырыбында форсайт-сессия өтті.

Жұмысшы мамандықтар жылына орай ұйымдастырылып, көлік саласын дамытуға бағытталған іс-шара стратегиялық пікір алаңына айналды.  

Сессияның басты мақсаты – теміржол саласындағы мамандарды даярлау мен оларды жұмысқа орналастыруға қатысты болашақтың негізгі үдерістері мен сын-қатерлерін анықтау. Сонымен қатар білім беру ұйымдары, мемлекеттік басқару органдары мен бизнес құрылымдары үшін стратегиялық ұсынымдар әзірлеу. Іс-шара аясында колледждер мен теміржол саласындағы жетекші компаниялар арасындағы әріптестік байланыстарды нығайту да басты назарда болды.  

Үш колледждің қатысуымен кәсіби талқылау өтті. Форсайт-сессия жұмысына Астана қаласының үш жетекші колледжі қатысты. Олар: Астана қаласы әкімдігінің Көлік және коммуникация жоғары колледжі, Астана қаласы әкімдігінің Техникалық колледжі, Тынышбаев атындағы көлік және коммуникация колледжі.  

Іс-шара барысында саланың жетекші мамандары өз ойларымен бөлісті. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің HR-бизнес серіктесі Алма Тұрарқызы: «Бұл іс-шара болашақ теміржолшылар үшін аса маңызды. Біз студенттердің дайындығын, көзқарасын білдік. Қандай кедергілер бар, оларды қалай шешуге болады, соның бәрін бірге сараладық. Теміржол – ел экономикасының тірегі. Теміржолшы – болашағы зор мамандық. Жастарды осы салаға бетбұрыс жасап, аянбай еңбек етуге шақырамын», – деп пікір білдірді.  

Колледж студенттері мен әлеуметтік серіктестер кәсіби мамандықтарға қатысты өзекті сұрақтарды бірге талқылады. Еңбек нарығындағы сұраныс, жаңа өндірістік талаптар мен технологиялық өзгерістерге сәйкес оқу бағдарламаларын бейімдеу мәселелері қозғалды. Әр оқу орны өз мамандықтарына сай қойылған сұрақтарға жауап беріп, практикалық шешімдер ұсынды. Бұл өзара пікір алмасу мен кәсіби бағдар беруді күшейтіп, өндірістік процестердің өзара байланысын нақтылауға мүмкіндік берді.  

 

Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды