Қазақстан – Ресей темір жолы: Еуразия нарығын бірге игереді
Жаңалықтар
05.09.2017, 11:53
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев бастаған делегация 29-30 тамызда Мәскеуде өткен «Теміржол көлігі машинасын жасау, болашағы, технологиясы, басымдықтары» тақырыбындағы 10-шы халықаралық конференцияға қатысты.
Форум барысында ҚР мен РФ теміржол әкімшіліктерінің басшылары Қ. Алпысбаев пен О. Белозеров кездесіп, тараптар «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «РТЖ» ААҚ арасындағы ынтымақтастықтың жоғары қарқынмен дамып келе жатқандығын атап өтті. Оның ішінде халықаралық бағдардағы жүк және жолаушылар тасымалының көлемі, сапасы, тиімділігі артып келеді.
Кездесу барысында көліктік-логистикалық саладағы жобаларды тиімді жүзеге асыру, ҚР мен РФ аумағымен жүк ағынын өсіре түсу, оған барынша қолайлы жағдай туғызу барысы талданды. Кездесу соңынан «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «РТЖ» ААҚ арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды.
Ол маңызды құжатта теміржол көлігіндегі бәсекелестікті қолдау, екі ел арасындағы көлік саласындағы өзара ықпалдастықты дамыту көзделген. Келісімді жүзеге асыру барысында жаңа көліктік-логистикалық қызмет аясы кеңейеді. Мемлекетаралық бағдардағы жолаушылар және жүк тасымалдау көлемі артады. Қос тарапқа да қолайлы өткізу тарифтері қолданылады.
Форум аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы «Coalco Development» ААҚ Бақылаушылар кеңесінің төрағасы В. Анисимовпен «Трансмашхолдинг» ЖАҚ Бас директоры К. Липамен кездесулер өткізді.
Ескендір АБЫТХАН
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты