Спорт мерекесі мәреге жетті
Жаңалықтар
05.09.2017, 12:10
Жадыраған жаздың соңғы айы, соңғы күндері... Бір аптаға созылған «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның жазғы спорт түрлері бойынша республикалық спартакиадасы мәреге жетті. Ерік-күш пен еркіндіктің мерекесі Жер жәннаты Көкшенің Бурабайына он төрт жол бөлімшесі мен әуе, су және авто көлік түрлерінен 150 ден астам кіл жүйрік спортшыны жинап, спорттың алты түрінен аламан жарыс өткізді.
Қазақстанның салалық темір жол, автомобиль, әуе және су көлігі кәсіподағы қызметкерлерінің 25 жылдығына арналған республикалық жарыс Ақмола аймағындағы Жақсы-2 спорт базасында, Бурабай ауданында өтті. Жаздың аяқталғанына қарамастан, тамыздың соңғы күндері жарысқа қатысушыларды ыстық ауа-райымен қуантты. Солтүстікке келген оңтүстік өңірдің азаматтары жанға жайлы жылы күнде, өздерін өз үйлерінде жүргендей сезінетіндерін жеткізді. Біреулері солтүстіктің салқын желі мен жаңбырынан қорқатындарын да жеткізді, бірақ та ашық аспан тартысты жарыстың жайлы өтуіне септігін тигізді. Теміржолшылар жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті, әсіресе, оларға шара өтіп жатқан жер ұнады.
–Бізге табиғаты сұлу Бурабай баурайында болып, оның әсем келбетін көру және уақытты тамаша өткізу мүмкіндігі туды. Бұл бір жағынан кезектен тыс демалыс болды, біз бұл жерде ой мен дене еңбегін қажет ететін жұмыстан босап және уақытымызды ауасы мен суы жанға шипалы аймақта өткізіп жатырмыз, – деп қуаныштарымен бөлісті жарысқа келген қонақтар.
Республикалық спартакиадаға Ұлттық құрама төрешілері мен түрлі спорт бойынша төрешілер алқасы қазылық етті. Әрбір жарыс алдында қатысушыларға ережелер толық түсіндірілді. Жарысқа еліміздің 14 аймағынан қатысты. Әр команда құрамында 11 адамнан болды. Спартакиада кір тасын көтеру, дартс, жеңілатлетикалық кросс, волейбол, үстел теннисі, жеңілатлетикалық эстафеталық жүгіру сияқты спорт түрлерінен өтіп, аламан жарыста бар өнерін салған аймақ иелері, яғни ақмолалық теміржолшылар намысты қолдан бермей, топ жарып, жүлделі бірінші орынды иемденді.
Рашида МҰХАМЕТҚАЛИЕВА
Суретті түсірген Игорь Черников
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты