ҚТЖ мен Қытай темір жолдары стратегиялық ынтымақтастық туралы жаңа келісімге қол қойды

Жаңалықтар
09.07.2025, 10:41

«Қазақстан темір жолы» ҰК «АҚ мен «Қытай темір жолдары» МК  жан-жақты стратегиялық ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды. Құжатқа ҚТЖ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов пен Қытай темір жолдары Директорлар кеңесінің төрағасы Го Чжусюе мырзаның ресми кездесуі барысында қол қойылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жаңа келісім 2014 жылы жасалған келісімнің орнына келді және екі елдің көлік кооперациясы саласындағы ағымдағы басымдықтарын көрсетеді:

- Қазақстан, Қытай және басқа да елдердің аумақтары арқылы халықаралық көлік бағыттарын дамыту;

- Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту және Қытай - Еуропа бағытында және кері қарай қосымша жүк ағынын тарту;

- өткізу қабілетін арттыру үшін инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру;

- контейнерлік тасымалдар бойынша ынтымақтастықты дамыту;

- маршруттарды, кестелерді оңтайландыру және операцияларды үйлестіру есебінен тасымалдау тиімділігін арттыру;

- икемді және бәсекеге қабілетті тарифтік саясат орнатуға вқпал ету;

- трансшекаралық тасымалдарды оңайлату үшін нормативтік-құқықтық базаны біріздендіру;

- қауіпсіздікті және автоматтандыруды арттыру үшін цифрлық технологиялар мен стандарттарды енгізу және т.б.

Қытаймен көлік-логистикалық байланыстарды нығайту Қытай - Еуропа бағыты бойынша тасымалдарды дамытуға жаңа серпін береді және Қазақстанның еуразиялық кеңістіктегі маңызды транзиттік хаб ретіндегі стратегиялық рөлін күшейте отырып, Транскаспий бағытының тартымдылығын арттырады.

Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды
Әлемде
02.09.2026
Қытайдың CRRC компаниясы шығарған пойыз Румынияда жолаушы тасымалдай бастады
Трансформация
02.09.2026
Мемлекет басшысы Еуразияның көлік-логистикалық әлеуетін арттыруды ұсынды