Құрық станциясына кадрлар дайындалуда

Жаңалықтар
05.09.2017, 12:53
 Маңғыстау арқылы темір жолы мен теңіз жолын байланыстырушы Құрық порты бүгінде еліміздің транзиттік әлеуетін арттырып, қазыналы түбектегі қазыналы нысанының біріне айналуда.  Ондағы экспорттық және импорттық жүктердің талапқа сай жөнелтілуі порттық  станция қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктеуде.  Құрық порты станциясы ашылғанда небәрі 18 маманмен жұмыс басталған болса, қазір штат саны 70 адамға жетті. 48 адам станция қызметінде болса,  16 маман вагон шаруашылығында және 24машинист бар. Теміржолшылардың 90 пайызын жастар құрайды.        Құрық станциясына жұмысқа қабылданған жас мамандар өзге станцияларда жұмысқа үйреніп, тестілеуден өткесін ғана мұнда жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Қазірде сондай 14 жас маман  пойыз құрастырушы, тауар кассирі, құжат өңдеу операторы, жүк қабылдап-тапсырушы бағыттары бойынша Маңғыстау станциясында тәжірибе жинақтауда екен. Маңғыстау станциясы бастығысының шұғыл жұмыстар жөніндегі орынбасары Айбол Есмұқановтың айтуынша, мұның алдында да бір шоғыр жас маман осы тәртіппен жаңа станцияға  жіберіліпті. - Маңғыстау - аймақтағы бірінші сыныпты екі станцияның бірі. 18 жолы бар, ірі өндірістік станцияда тәжірибеден өткен маман   басқа кез келген станцияда жұмысты алып кете алады. Сондықтан Құрықтағы кадрлардың тәжірибе жинауға Маңғыстауға келуі алдымен өздеріне пайдалы. Бұл жерде 1,5-2 ай көлемінде жүріп, талай жылдан бері істің қыры мен сырын меңгерген теміржолшылардан үйреніп, сабақ алады. Құрыққа  сынна өткен таңдаулы мамандарды іріктеп жібереміз,-дейді А.Есмұқанов.       Сол жас мамандардың бірі Ақерке Сақтағанова. Жуырда Маңғыстау станциясында белгіленген мерзімі яқталып, тестілеуден жоғары көрсеткішпен шыққан бойжеткенді енді Құрық станциясында жаңа жұмыс орны күтіп тұр.  - 2013 жылдан бері Бейнеу станциясында  пойыз қабылдаушы болдым. Құрық порты ашылады деген хабар шыққалы осында ауысқым келетін. Арманым орындалды. Жұмысқа тұрдым. Станция теңіз жағасында, әдемі жерде орналасыпты. Қазіргі жүріп жатқан құрылыстар бітсе, әлі-ақ көзтартар қалашыққа айналары сөзсіз. Мұнда мен сияқты тағы талай тең-құрыбалырым арманына қол жеткізетінін болады. Өйткені Құрық - жай нысан емес, еліміз көз тіккен маңызды экономикалық аймақ. Келешегі қарқынды құрылыс, ал сол келешекті жасайтын біз – жастар емей, кім? -дейді Ақерке.

Шахида Жұман,

Маңғыстау

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты