Жүрек қалауы

Жаңалықтар
05.09.2017, 18:36
... Қызылорда бекетінен жүгіре басып жүргелі тұрған пойызға мініп үлгерген бойжеткен вагондағы орнын келіп жайғасқан соң да біраз уақыт тиыныштала алмай айналасына қарап алаңдаумен болды. Арманы мен қиялына қанат біткен жас  қыздың  жүрегі пойыздың дүрсілімен қатар соққандай... талай жыл арманына айналған  ару   Алматыны көретініне сенер сенбесін білмейтіндей. Кеудесін кернеген қуанышымен қатар қалып бара жатқан туған қаласын да кимай терезеден сыртқа зер салған. Қарсы бетте өзіне сүйсініп қарап отырған әйел кісіні байқап ұялып қалды. Бойжеткен сол жылы жүзді бейтаныс жанның тағдырына ықпал ететін ол кезде сезген жоқ... Бақытгүл  Боранбаеваның пойызда танысқан  сол апайы  Алматы -2 станциясында кадр бөлімінің бастығы Зоя Мусанова болатын. Жол бойы әңгіме дүкен құрған екеу лезде тіл табысты. Теміржолшы кәсібінің қыры мен сырына қанықтырған апайының кеңесімен Бақытгүл  Алматы темір жол институтына құжат тапсырып, оқуға түсіп кетеді. Табиғатынан пысық әрі еңбекқор Бақытгүл оқу оқып жүріп,  тәжірибесін де ұштастырады. Еңбек жолын Алматы станцияда пойыз қабылдаушы болып бастап, пойыз жөнелтуші багаж және жүк қабылдап- өткізуші, заттарды іздестіру бөлімінде з диспетчер, вокзал кезекшісі сынды қозғалыс саласының барлық қызметінде тәжірибе жинайды.  Арқа сүйер азаматы да теміржолшы болып жолығып, от басын құрған Бақытгүл Қуанқызы салада  табаны күректей 40 жыл еңбек етеді. Теміржолшы кәсібі өзінің жүрек қалауы болғанын айтады. Талай ыстықты да, суықты да бастанк ешсе де өз кәсібін сүйген жан ешқашан өкінген емес. –Теміржолға келіп өзіме жанашыр жандар, жақсы жар, ұл менен қыз, ұйымшыл ұжым, соңымнан ерген шәкірттер таптым. Теміржолдың арқасында еш қиындық көрмедім. Алматы шаһарынан үйлі болдық. Қырық жылдық тәжірибемнен ұққаным, теміржол барда – тіршілік бар! Сондықтан жастарға айтарым, саланың темір тәртібіне мойынсұнып  жалықпай еңбек етіңдер, арман-мақсаттарыңа жетесіңдер, – деп ақыл айтады теміржолшы мамандығын таңдаған жастарға.  

Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты