2025 жылғы 21 шілдеде сағат 09:52-де Алматы-2 станциясында орналасқан лак-бояу өнімдерін сақтайтын жеке қоймада шамамен 500 шаршы метр алаңда өрт болды. Нысан теміржол төсемінен 200 метр қашықтықта орналасқан. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Өрт сөндіру машиналарын жедел сумен қамтамасыз ету үшін Алматы-1 станциясынан өрт сөндіру пойызы тартылды. Сағат 11: 15-те өрт Төтенше жағдайлар департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың және теміржолшылардың күшімен сөндірілді.

Өртті жоюға 23 бірлік техника мен жеке құрамның 79 адамы қатысты.
Өрттің себептері анықталуда.