ҚТЖ трансұлттық мультимодальды компания ретінде қалыптасуда – Жақыпов

Жаңалықтар
19.08.2025, 17:49
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстанда «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның толыққанды трансұлттық мультимодальды компания ретінде қалыптасуына бағытталған жобалар жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бұл туралы Үкімет отырысында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінгі таңда Шанхайдан Роттердамға теңіз арқылы жүк жеткізуге Суэц каналы ашық болған жағдайда шамамен 60 күн қажет. Ал Қазақстан арқылы жүк жеткізу мерзімі 16 күннен аспайды.

«Жалпы "Қытай – Еуропалық Одақ – Қытай" бағыты бойынша еліміздің аумағы арқылы жүк ағынының 85%-ы өтеді», — деп атап өтті Нұрлан Жақыпов.

Транзитті арттыру мақсатында сыртқы және ішкі инфрақұрылымдардың құрылысы жүруде. Соның ішінде халықаралық терминалдар желісі салынуда. Қытайдың Ляньюньган және Сиань порттарында қолданыстағы терминалдарға енді Чэнду қаласындағы қуат көздерін қосу жоспарланған. Одан бөлек Ресей (Селятино ст.), Беларусь (Свислочь ст.), Әзербайжан (Алят порты), Мажарстан (Будапешт қ.) елдерінде жобалар жүзеге асырылып жатыр. Болашақта Грузия, Румыния және Болғария порттарын қамтып кету жоспарда бар.

«Осылардың бәріне қосымша, транзиттік жүк ағынын ұлғайту мақсатында Қытаймен үшінші шекаралық өткел – "Бақты-Аягөз" теміржол желісінің құрылысы басталды. Теңіз тасымалы қызметтерін кеңейту мақсатында контейнер таситын кемелер сатып алынады. Сондай-ақ Каспий теңізі порт айлағының түбін тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Әуемен жеткізу қызметі де дамуда. Мысалы, жүк тасымалдайтын авиакомпания ашу көзделген», — деп атап өтті Нұрлан Жақыпов.

 

Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс