Денсаулық сыйлаған ақжолтай пойыз...
Жаңалықтар
15.09.2017, 10:07
«Денсаулық» пойызы Қызылорда өңіріндегі сапарын аяқтады. Сыр елін бір айдан астам уақыт аралаған денсаулық жанашырлары мінген дәрігерлер пойызы барлығы 61280 тұрғынға медициналық көмек көрсеткен.
-Шілде айының он алтысынан бастап бөлімше бойынша ірілі-ұсақты 18 станцияға аялдаған «Денсаулық» пойызы 7712 тұрғынды, оның ішінде 1240 жасөспірімді толықтай дәрігерлік тексеруден өткізді. Жалпы дәрігерлер көмегіне жүгінгендер саны 61280 адамды құрады. 29383 адамға диагностикалық зерттеулер жасалса, ішкі құрылысын УЗИ құрылғысымен тексеру шаралары 10506 пациентке жасалды. ЭКГ-ден 1751 адам өтіп, көздің қан қысымынан 2509 тұрғын, 499 жан рентген, 750 тұрғын ФГДС құрылғыларымен бақылаудан өткізіліп, 10055 тұрғын клиникалық-биохимиялы зерттеу анализін тапсырып, 11 мәрте кіші амбулаторлық ота жасалды. 2261 әйелге гинекологиялық тексеру жасалып, 1041 тұрғынға стоматологиялық көмек көрсетілді,-дейді «Апаттар медицинасы теміржол госпиталдары» АҚ филиалы Қызылорда теміржол ауруханасының медстатисі Ақмарал Қалдыбай.
Доңғалақ үстіндегі емхана дәрігерлері тұрғындарды скрингтік тексеруден өткізу жұмыстарын да жүргізіп, қажет жағдайда тұрғындардың жергілікті жерде дәрігерлік есепке тұрып, тұрақты ем-дом алуына жолдамалар берген.
Консультативті-диогностикалық пойызы қызметіне өңір тұрғындары риза. Олар дәрігерлік пойыз көмегіне жүгінуді дағдыға айналдырғаны және пойыз қызметін тұрақты пайдаланатындығы байқалады.
-Ауылға келген дәрігерлердің қабылдауында болып, көмегін алдық. Бір жылдай мазамды алған тісімді емдетіп, тұқылын тегін жұлдырып, риза болып оытрмын. Егер осы пойыз болмағанда аудан орталығына сабылып, дәрігердің көмегін, ем домын алу үшін кезек күтіп, ақша жұмсап бар уақытымды өткізер едім. Қарапайым халық үшін осы пойызды ұйымдастырған азаматтарға алғысымды жеткізіңіздер,- деп ризалығын білдірді Бақытжан Сейітов есімді тұрғын.
«Денсаулық» пойызының дәрігерлер құрамын тіс дәрігері Қанат Тұңғышбаев басқарып, Қызылорда станциясындағы филиалдың 9 дәрігері мен 14 медбикесі бір ай бойы бекет тұрғындарына қалтқысыз қызмет жасапты. Пойыз құрамы бір күнде екі жүзден аса пациентке қызмет жасаған уақыттары болған көрінеді. ЦЭР-ісігі, плибрит, асқазан және тік ішек жараларының алғаш анықталуы кездескен.
-Жосалы станциясында дәрігер көмегіне жүгінген пациенттің өңешінен бөгде зат алуға тура келді. Аппартпен тексергенде өзге заттың бар екендігіне көз жеткізген соң аудандық ауруханаға барып ота жасауға тура келді. Пациеттің өңешінен алақанға сыятындай зат алынып, әрі қарай ем-дом алып, дәрігерлік бақылауға алынды,-дейді дәрігерлік көмек көрсету кезінде жұтқыншақ-өңешке кептеліп тұрып қалған өзге заттың алынуына себеп юолған эндоскопист-дәрігер Берік Мәдиев.
Пойызды қажетті ауыз сумен, электрмен, байланыспен аймақтағы салалық мекеме теміржолшылары қамтамасыз етсе, вагон сыртындағы қоғамдық тәртіптің сақталуына ӘТЖК күзетшілері қызмет көрсеткен. Сонымен айдан аса уақыт Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінде болып тұрғындар алғысына бөленген «Денсаулық» пойызы оңтүстік өңірлерге аттанып кетті.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты