Іс-шара "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы және Дүниежүзілік тазалық күні аясында өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Теміржолшылар Ұлы Дала даңғылындағы әкімдікпен бекітілген учаскені (оң жағы) — Әл-Фараби көшесінен Шехран Мұртаза көшесіне дейінгі аумақты қоқыс пен жапырақтан тазартты.