Қазақстандық рельске сұраныс жоғары

Жаңалықтар
19.09.2017, 11:00

Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың Ташкентке ресми сапары барысында 2-ші қазақ-өзбек бизнес форумы өтіп, оған қазақстандық өнім өндірушілердің тауарлары қойылды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев бастаған делегация бизнес форум аясында өткен осы қазақстандық тауар өндірушілердің көрмесіне қатысты. Көрмеге Ақтөбе рельс арқалығы зауытының өнімдері, «Тұлпар-Тальго» зауытының жолаушылар вагондары, тепловоздар мен электровоздар қойылды. Ташкент теміржол станциясына қазақстандық көрмеге қатысушылар тепловоз, электровоз, «Тұлпар-Тальго» жолаушылар вагондарын орналастырды. Қанат Алпысбаев Қазақстанда теміржол көлігі машиналары кластері қалай қалыптасқандығы туралы айтып берді.  Ұлттық компания машина жасау саласындағы әлемдік – «General Electric», «Alstom», «Patentes Talgo S.L.», «SIEMENS» секілді жетекші компаниялармен соңғы үлгідегі жылжымалы құрамды құрастыруда озық инновациялық технологияларды қолдануда екені жеткізген Қанат Алпысбаев: «Мемлекет басшысының тапсырмасымен Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында теміржол көлігі машиналары кластері қалыптасқанын» атап өтті.   Қазіргі таңда қазақстандық кәсіпорындар жүк және жолаушылар тепловоздарын, электровоздарын, жолаушылар және жүк вагондарын шығарады. Жолдың үстіңгі қабатына қажетті материалдарды өндіретіні  және  қазақстандық кәсіпорындардан шыққан теміржол көлігі машиналары экспорттық сұранысқа ие екені белгілі. Сараптаулар қорытындысына қарағанда, жалпы көлемі 3 млрд АҚШ доллары көлеміндегі өнімдер 18 мемлекетке жөнелтілген.  Атап айтқанда  Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Украинаға экспортталған.  Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы теміржол көлігі машиналарын өндіру саласындағы серіктестіктің қарқыны жоғары. Соның ішінде, өзбектер қазақстандық рельске «құда түсуде». Қазіргі таңда өзбек теміржолына Ақтөбе рельс арқалығы зауытының  3,9 мың тонна қазақстандық рельс өнімдері жеткізіліп отыр екен.  ҚТЖ-ның көрмедегі павильонымен танысқан Елбасы  Н. Назарбаев қазақстандық кәсіпорындардың өзбек теміржолын жаңғыртуға қатысуы жөнінде келіссөзге құптау білдірді.  Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жүрдек жолаушылар пойызының қозғалысы туралы сұрады. ҚТЖ жетекшісі Мемлекет басшысына  «Алматы – Ташкент бағдарына «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы қатынап жатқандығын, екі аралықтағы жол  30 сағаттан 17 сағатқа дейін қысқарғанын» жеткізді.  Қазақ-өзбек бизнес форумы аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «УТЙ» АҚ арасында стратегиялық серіктестік туралы Келісімге қол қойылды. Ол Келісім бойынша Өзбекстанға жылына 13,5 мың тонна жалпы теміржол өнімдерін жеткізуге ұзақмерзімді келісім жасалды. Ал 2020 жылдарға дейін өзбек теміржолына 40 мың тонна рельс өнімдерін жеткізу жоспарланып отыр. Биылғы жыл аяғына дейін ҚТЖ Өзбекстанға тағы 5 мың тонна рельс өнімдерін жеткізетін болып уағдаласты.    Сондай-ақ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Узбекистон темир йуллари» АҚ арасында стретегиялық серіктестік туралы Келісім бойынша тараптардың аумағымен өтетін пойыздарға қызмет көрсетуде және теміржол өнімдерін экспорттауда екі ел арасында өзара тиімді халықаралық көлік бағдарына бәсекелестікке сай қызмет көрсету қарастырылады.

Ескендір Абытхан

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты