Армандар орындалады
Жаңалықтар
19.09.2017, 11:19
Жамбыл жол бөлімшесінде ұлттық компанияның жастарды қолдау саясатын кең насихаттау мақсатында «Менеджмент жоба» және «Болашақ басқарушылар» өңіраралық білім трнингтері өтті.
Екі күнге ұласқан шара жергілікті темір жол колледжінің базасында ұйымдастырылып, оның ашылуына қатысқан Жамбыл жол бөлімшесінің Бас инженері Анатолий Ким қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жамбыл магистральді желі бөлімшесінің Бас инженері Жұмағали Урсаров пен Тараз темір жол колледжінің директоры Нұржан Нұралиевтер де жастарға сәттілік тілеп, сенім білдірді. Ал Жамбыл магистарльдық желі бөлімшесінің жетекші инженері, жамбылдық жас теміржолшылардың көшбасшысы Дәулетбек Жалғасбаев биыл сегізінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған аймақтық форумға екі жүзге тарта жастар қатысып отырғанын алға тартты. Шарада сөз алған Адами ресурстарды басқару департаментінің менеджері Назира Бердібекова: «Сіздерге жыл сайын еліміздің 16 қаласында өтетін өңіраралық жастар білім форумына қатысуға белсенділік танытқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Биылғы жылы бұл шараны қорытындылаушы қалалар – Астана және Тараз қалалары. Бүгінгі күнге дейін ұлттық компанияның екі мыңға тарта жас мамандары осындай форумдарда біліктіліктерін көтеріп үлгерді. Жақсы нәтиже көрсеткен жастарымыз басшылық тарапынан қолдау тауып, жаңа лауазымдарға тағайындалды. Өздеріңіз білесіздер, ұлттық компания жастар саясатын белсенді жүргізіп отырған еліміздегі санаулы компанияның бірі. Жастарды қолдаудағы әлеуметтік пакеті ауқымды. Жұмысшыларды тұрғын үймен қамтуда, медициналық сақтандыру шараларын белсенді жүргізуде, санитарлық-курорттық демалыстарды ұйымдастыруда, сондай-ақ саламатты өмір салтын қалыптастыруда да жетістіктер өте көп. Бүгінгі күні ұлттық компанияда 52 мыңға жуық жас еңбек етеді. Сондықтан кадрларды ынталандыруда жүйелі жұмыстар қолға алынған. Оның үстіне ұлттық компания тарапынан жастарды қолдау мақсатында 2014 жылдың 30 наурызында жаңа бағдарлама бекітіліп, іске асуда. Ол бағдарлама бойынша жастардың шектеу жасы – 35 болып бекіді. Бүгінгі күні «ҚТЖ» ҰК» АҚ-нан үйренуші, біздің тәжірибеміз бен жобаларымызға сүйенуші компаниялар көбейгенін мақтанышпен айта аламыз. Алдағы екі күн бойы сіздерді тәжірибелі тренерлер оқытып, біліктіліктеріңізді көтереді. Үздік шыққан жастар жыл соңында Астана төрінде өтетін республикалық форумға шақырылады. Сондай-ақ үздіктер кадрлық резервке алынады. Сондықтан барынша белсенділік танытыңыздар!» деп жастарға дем берді. Ал «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Дархан Матаев жастарға өз өмірбаянын мысал етті. Семей станциясына пойыз құрастырушы болып еңбек жолын бастаған ол ұлттық компанияның жастар саясаты жөніндегі атқарып жатқан жұмыстарына белсене араласуының арқасында көзге түсіп, 2012 жылы Астанаға шақырылады. –Шынымды айтсам, бұл мен күтпеген жаңалық еді. Жас отбасы ретінде пәтер берді. Лауазым және мансап баспалдақтарынан өтіп, қазіргі күні осы қызметті атқарып отырмын, – деген ол жастарға екі күн нәтижелі еңбек жеңісін тіледі.
Ал жамбылдық жас теміржолшылар екі күн бойы біліктіліктерін көтеріп, жаңа идеялар мен ұсыныстарын ортаға салып, сала бойынша тың жобаларын қорғап шықты. Форум барысында спорттық шаралар да ұйымдастырылды. Жиын соңында қолдарына біліктілігін көтергені туралы сертификаттарын алған жастар армандардың орындалатынына сенімді еді.
Ерман Әбдиев, Жамбыл
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты