Сапа – тасымал құжаттарын сауатты өңдеуде
Жаңалықтар
19.09.2017, 11:29
Семей жүк тасымалы бөлімшесінде өткен тасымал құжаттарын өңдеу бойынша технологиялық орталық мамандары ұйымдастырған техникалық дәріс түріндегі жиын бірқатар келелі мәселелерді кеңінен қамтыды.
Семинарға станция басшыларының логистика бойынша орынбасарлары, жүк аудандары басшылары, тауар кассирлері, жүк пен багаж қабылдап-өткізушілер мен АСУ бөлімі мен жүк тасымалы бөлімдері мамандары қатысты. Жиынның басты мақсаты станциялардағы тауар кассирлері жұмысын сапалы жүргізу, жүк тасымалы бойынша жүргізілетін төлемақы есебінің қателіктерін болдырмау.
Басқосуды ашқан бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаев осы уақыт үлесіндегі жүк айналымы бойынша атқарылған шараларға тұжырымды түрде тоқталып өтті. Сондай-ақ, бұл тараптағы жаңашылдықтардың нәтижелі екендігін жеткізді. Аймақ теміржорлының басшысы атап өткендей, қазіргі күні бөлімше «Келісімді және коммерциялық жұмыс» автоматтандырылған басқару жүйесіне 100 пайыз енгізілді. Яғни, жүкті жеткізу бойынша клиенттермен жүргізілетін құжаттар легі толыққанды электронды түрде атқарылады. Дегенмен, жаңа жүйе болғандықтан да қызмет барысында түрлі олқылықтар орын алатыны белгілі. Бүгінгі күні аталмыш бағытта ақаусыз қызмет атқаруға бірінші кезекте ден қойылуда.
Өткізіліп отырған семинардың да басты тақырыбы осы болатын. Алматы ТехПД инженерлік құрамы келелі мәселелер төңірегінде сөз қозғады. Бірінші кезекте сөз алған орталық директорының орынбасары Баян Әмірова бұл бағыттағы жұмыстардың ақаусыз жүргізілуі кіріс көзі екендігіне тоқталып өтіп, бағдарламаны сауатты меңгерудің берері көп екендігін жеткізді. Сонымен қатар, жүк тасымалы ісінде уақыт ұтуға мол мүмкіндік береді. Алайда, базбір станция кассирлерінің біліксіздігі себепті жүк тасымалы бойынша құжаттарды рәсімдеу ісінде шалағайлықтар туындап жатады. Бұл біріншіден тапсырыс беруші клиенттердің сеніміне селкеу түсіріп, тасымал барысында күрделі ахуал туғызады.
Жалпы, жүк жеткізу бойынша өңделетін құжаттар үлкен процесті құрайды. Оны рәсімдеуден бастап желі бойымен жүргізу, діттеген жеріне жеткенге дейінгі ахуал барысы Алматыдағы құжаттарды өңдеу бойынша технологиялық орталықтың толықтай қадағалауында болады. Яғни, ондағы туындап жатқан ақаулықтар назарда тұр. Бұл тарапта сөз өрбіткен аталмыш орталықтың құжаттарды өңдеу және беру бойынша инженер-технологы Мәриямгүл Мұздыбаева жүкті жеткізуге тапсырыс беруші клиенттермен келісімді жұмыс жүргізу жайлы кеңінен сөз қозғады. Сонымен қатар, аталмыш тараптағы жіберілетін алғашқы кезектегі кемшіліктерге де тоқталды. Атап айтсақ, кеңсе үстеліндегі құжат рәсімдеудегі жіберілген қателік және жүктердің жеткізілгеніне көз жеткізбеу станциялар бойынша жиі кездеседі екен. Сонымен қатар, жүкті беру штемпелінсіз жұмыс істеу де ішінара кездесіп қалады. Бұдан өзге қаржылық құжаттарындағы пойыз нөмірлерінің қате немесе айғыздалып жазылуы да ақаулыққа жатқызылады.
Жиын барысында алматылық орталықтың инженер-технологы Бақытжан Есболатқызы жүк тасымалы бойынша құжаттарды ақаусыз рәсімдеу және жөнелту ісі бойынша сөз қозғап, кеңінен түсінік берді.
–Бұл өткізілген шаралардың біздің бөлімше мамандары үшін берері мол. Себебі, шекаралық аймақта тұратындықтан әрі республикамыздың ең іргелі өндірістік-шикізаттық аймағында орын тепкендіктен де аймақ бойынша жүк айналымы жыл сайын жоғарылап келеді. Осы тарапта мамандар біліктілігін шыңдау кезек күттірмейтін мәселе, – дейді Семей ЖТ бөлімшесі бойынша жүк тасымалын ұйымдастыру бөлімінің инженері Гүлнар Нұрғалиева.
Семинар барысында екі-жақты сұрақ-жауап алмасулар да болды. Барлық станцияларға аталмыш тақырып ауқымында кеңінен жұмыс жүргізіп, өзге бөлімшелерде орын алған кемшіліктерді қайталамау жайында тапсырма берілді.
Қуаныш Қожаев, Семей
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты