Алматыда Қазақстанның Көлік апталығы аясында «New SilkWay» бизнес-форумы басталды. Ол халықаралық көлік дәліздерін дамыту, нығайту және жаңғырту, транзиттік әлеует пен логистикалық инфрақұрылымды талқылау үшін салалық сарапшылар мен жетекшілерді біріктірді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телекөпір арқылы «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісін іске қосты. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл жоба стратегиялық маңызға ие және халықаралық байланыстарды дамытуға серпін береді.

Форум аясында Орталық Азия елдерінің, ЕАЭО-ның көлік министрлерінің, сондай-ақ Еуропа мен Азиядан келген серіктестердің қатысуымен стратегиялық сессиялар мен дөңгелек үстелдер өтеді.