Жауапкершілікті өзіңнен баста...
Жаңалықтар
19.09.2017, 11:41
Шымкент іргесіндегі Қызылсай бекетінде теміржол бойында келеңсіз жағдайлардың көбейіп кетуіне байланысты мектептерде оқушылармен темір жолдың қауіпті аймақ екенін түсіндіру шаралары жүруде.
Кешегі аптада Қызылсай станциясының еңбек қорғау инженері Алтынай Пірматова мен Шымкент станциясындағы ЖІІБ полиция капитаны Аида Мақашева осы маңдағы №102 мектептің оқушыларымен кездесу өткізді.
– Темір жол торабын белгіленбеген жерден кесіп өткен оқушыны ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 559 бап, 5 тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартады. Егер мал жолға шығып кетсе, мал иесі тағы жауапкершілікке тартылатыны естеріңде болсын. Біріншісінде ескертіледі, екіншісінде айыппұл салынады. Теміржол бойына мал мен жанның шығуы көбейгендіктен, заңға өзгерістер енгізіп, айыппұл салуды көбейтпек. Оның көлемі жеті мың теңгедей болуы мүмкін. Мектеп оқушылары пойыз жолда бей-берекет жүрсе, жолдан өту тәртібін бұзса әкімшілік хаттама толтырылады. Сендердің табыстарың болмағандықтан, айыппұлды ата-анаға салады. Оны уақытылы төлемесе банктерден несие ала алмай, шет елге шыға алмай қалады, – деген Аида Мақашева оқушыларға біраз жайтты түсіндірді.
Маманның айтуынша, бір жылдары ойын балаларының пойызға лақтырған тасы жолаушыға қате тиіп, қайтыс болған жағдай да орын алған. Қазір мектептерде смартфонға тиым салғанмен, қарапайым телефонның өзіннен музыка тыңдауға болады. Осы наушниктің кесірінен қаншама адам келе жатқан пойыздың даусын естімей, ажал құшқанын тағы қайталады.
Биыл темір жол бойында жасөспірімдер арасында бес жазатайым оқиға болса, екеуінде оқушы балалар токқа түскен. Вагонның үстіне шыққанды қызық көріп, селфиге түспек болған балаларды электр тогы ұшырып жіберген.
Осы айда Шымкент ЖІІБ тәртіп сақшылары Түлкібасқа дейінгі теміржол бойындағы станцияларды аралап, мектептерде кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Желілік ішкі істер бөлімінің капитаны Аида Мақашевадан білгеніміздей, соңғы жылдары теміржолда адам өлімі көбейіп кеткендіктен көлік прокурорлары алдағы уақытта теміржол саласына да құқық қорғау органдарында орын алған қылмыстың нақты анық-қанығын зерттейтін сот- медициналық сараптау мамандары сынды эскперт маман лауазымын енгізбек екен. Демек, ендігі жерде бөгде адамның немесе малдың кесірінен пойыз тоқтаса кінәлі тарапқа ұсыным хат жазылмақ. Айыпты анықталған соң, тиісті шара тағайындалады. Жоғарыдай айтқан эксперт оқиға бола салысымен, қай тараптың кінәлі екенін анықтау үшін шұғыл іске кірісіп, нақты дәлелдермен жауапқа тартады. Сондықтан, енді темір жолда абайлап жүрмеген адам айыппұл төлеумен құтылмай, жауапқа тартылатын болады.
Динар МЕЙІРМАН
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты