Жүрдек пойыз жолсеріктері
Жаңалықтар
19.09.2017, 11:58
Көлік тасымалының ішінде халық сенімінен шығып отырған бірден-бір тасымал саласы темір жол көлігі десек қателеспеспіз. Тәулігіне жүздеген жолаушыға қызмет көрсетіп отырған жолсеріктер «біздің жұмысымызды бағалайтын халық» дейді.
Мұнайлы астанадан Атырау – Маңғышлақ, Атырау – Астарахан, Атырау – Алматы, Атырау – Астана бағыты бойынша төрт жүрдек пойыз қатынайды. Тәулігіне екі мың, жаз мезгілінде екі мыңнан аса халықты қалаған жеріне жеткізетін пойыздардың арасында №41/42 «Ақжайық» Атырау – Алматы бағытындағы жүрдек пойызы мен онда қызмет ететін бригаданың орны бөлек. Алдымен өнер астанасы мен мұнайлы астана арасында халық өте жиі қатынады. Сондықтан да демалыс кездерін айтпағанда жәй күннің өзінде билет тапшы. Осы пойыздың бригадирі Әбуталип Жоламановтың айтуынша, бригада жұмыс істейтін 32 жолаушылар вагоны жолсеріктерінің орташа еңбек өтілі 25 жылды құрайды екен.
Айталық, жолсеріктер Мирболат Райымханов пен Жәния Аманхосованың және пойыз бригадирі Әбуталип Жоламановтың еңбек өтілдері 30-32 жыл. Осыншама жылдар бойы жауапкершілікпен халыққа қызмет етіп, сенімнен шығу арқылы басшылық пен әріптестері тарапынан құрметке ие болған бұл жандар жол үстінде қуанышқа да, қайғыға да куә болып жататындарын айтады. Дәл қазіргі күз мезгілінде той көп болатындықтан жолда ұзатылған қызды қимай шығарып салу мен келін болып түскен қызды қуанып қарсы алғандарды жиі кездестіреді екен.
–Теміржол саласында тепловоз машинисінің көмекшісі болып жүріп, 90-жылдары қысқарту болғанда, жолсерік болып ауыстым. Содан бері үздіксіз еңбек етіп келемін. Жұмысым ұнайды. Бригадамыздың ауызбіршілігі жақсы. Атырау мен Алматы арасындағы әрбір станцияның тасына дейін таныс десем болады, – деп күледі №4 вагонның жолсерігі Мирболат Райымханов. – Бұрынғыдай ішімдік ішу, пойызды аралап бейберекет қыдырыс азайған бүгінде, жолаушылар да жол жүру тәртібі мен мәдениетін үйренді деген сөз. Керісінше қазір Атырау мен Алматы аралығында құда күту,шығарып салу, келін әкелу, жазда балаларды лагерьге апару мен әкелу, әскерге жастарды шығарып салу мен күтіп алу сынды оқиғаларға жиі куә болып, топтық жолаушыларға қызмет көрсету көбейді. Жолда толғағы қысқан әйелдерді станцияларда жедел жәрдемге тапсырғанша алғашқы көмек беру де жолсеріктердің бір міндетіне айналды...
Міне, бүгін де сапарға аттанғалы тұрған бригада мүшелері барлық вагон алдында сымдай тартылып тұр. Қаракөк формаларында ҚТЖ- «Жолаушы тасымалы» компаниясының қызметкерлері екендерін айғақтайтын белгі бар. Міне, айтқандай-ақ, Мирболат Аманкелдіұлының вагонына бір топ жасөспірім спортшылар келіп жайғасты. Олар Атырауда өткен спорт турниріне қатысып, туған жерлеріне қайтып бара жатыр екен.
Қызметі сырт көзге оңай көрінгенімен, пойызда өз вагонында қонақжай шаңырақ иесінің образын сомдайтын жолсеріктің жұмысын бағалайтын жолаушы, халық екені рас.
Тұрсын ҚАЛИМОВА
АТЫРАУ
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты