Алматыда Көліктегі қауіпсіздік және цифрландыру бойынша VI Еуразиялық форум өтті

Жаңалықтар
03.10.2025, 16:14

«Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT Университеті» АҚ базасында Көліктегі қауіпсіздік және цифрландыру бойынша VI Еуразиялық форум өтті. Іс-шараға Қазақстаннан, жақын және алыс шетелдерден 270 қатысушы жиналды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Форум көлік және операциялық қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, цифрлық шешімдерді енгізудің және зияткерлік көлік инфрақұрылымын дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған алаңға айналды.

Қашықтықтан диагностикалау, өтпелі мониторинг, компьютерлік модельдеу және пилотсыз жүйелерді енгізу технологияларына ерекше назар аударылды.

Форум жұмысына ҚР Көлік министрлігінің, ұлттық тасымалдаушылардың, салалық одақтардың, АТ-компаниялардың, қауіпсіздік жүйелерін өндірушілердің өкілдері, Парламент Сенатының депутаттары, сондай-ақ Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Грузиядан келген делегациялар қатысты.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Төрегелдин өз сөзінде Қазақстанның Еуразиялық көлік дәлізіндегі стратегиялық маңызын атап өтті. Ол ҚТЖ инфрақұрылымды дамытуға, жылжымалы құрамды жаңартуға, цифрландыруға және тасымалдаудың операциялық қауіпсіздігін арттыруға басымдық беретінін атап өтті.

Цифрлық трансформация шеңберінде ҚТЖ Huawei және Wabtec-пен бірлесіп жобаларды іске асырады, техникалық қарап тексеруді автоматтандыру үшін Kinetix жүйесін енгізеді, деректерді беру жабдығын жаңартады. Бұл шаралар қазірдің өзінде қауіпсіздік саласындағы бұзушылықтардың төмендеуіне ықпал етуде: ағымдағы жылдың 9 айында 5% төмендеу тіркелді, бұл ретте нысаналы көрсеткішке — минус 19% асып қол жеткізілді.

  Форум бағдарламасы бағыттар бойынша панельдік сессияларды қамтыды:

-теміржол көлігіндегі қауіпсіздік,

-саланың цифрлық трансформациясы,

-автомобиль, әуе және су көлігін дамыту,

-білікті кадрларды даярлау.

Іс-шара аясында көлік-логистикалық сектор өнімдерінің көрмесі және «Достық» естелік медалін тапсыру рәсімі өтті.

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды