Қарабатанның келешегі кемел

Жаңалықтар
18.07.2016, 16:53

IMG_1384

Атырау жол бөлімшесінің  Қарабатан станциясының аты  «Болашақ» зауытының салынуына орай  аспандап тұр. Жаңарып-жаңғырып, ауқымы өсе түскен станцияда бүгінде 26 адам еңбек етіп, өсіп келе жатқан жүк тасымалының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етіп отыр. «Аджип» ҚКО демеушілігімен 2003 жылы қабырғасы қаланып басталған нысанның құрылысы 2005 жылы салынып біткенмен әлі толық іске қосылмаған. Станция бастығы  Махамбет Маймақовтың айтуынша, қазіргі уақытта мұнда қазан айында іске қосылатын «Болашақ» зауытының өнімі күкіртті тиеп, тасымалдау жұмысына дайындық жұмыстары жүруде. –Бүгінде «Болашақ» зауытына тіке тартылып жатқан кірме жолдың құрылысы жүріп жатыр. Соған байланысты жарық шамдары, вагондардың үстінен қадағалайтын бейнекамералар орнату сынды жұмыстары басталып кетті. Күкіртті күз, қыс айларында тией бастаймыз деп күтіп отырмыз. Өнім негізінен  көршілес Ресейге жөнелтілетін болады, – деген станция басшысы  Қарабатанның кемел келешегі жайлы  әңгімелеп берді. Бүгінде небәрі  26 адам: 4 станция кезекшісі, 4 пойыз құрастырушы, 4 вагон  қараушы, 4 аға кассир, 2 вагон құжаттарын тексеруші және 4 жүк  қабылдап-жөнелтуші сынды ең қажетті мамандардан құралған шағын ұжым қажеттілікке орай алдағы уақытта, бүкіл ел көз тігіп отырған зауыт өнім шығара бастаған кезде ұлғаюы мүмкін екен. «Қарабатанның бағы жанатын кез, әне сонда туады...» дейді станция бастығы. Таңертеңгілік 07.10-да бөлімше бойынша басталған селекторлық жиын  07.45-те аяқталған соң қарамағындағы мамандарды жиып,  жедел хабарлама, бұйрық-өкім болса құлағдар етіп, сол күні атқарылар  жұмыс жоспарын  талқылап, бекітеді. Бұл жалпы әр күні барлық темір жол станциясында қайталанатын таңертеңгі үрдіс. Таңғы  селекторда Атырау бөлімшесіне  қарасты станция басшылары станция бойынша түндегі қызмет барысында кездескен қиындықтар мен проблемалар болса  басшылыққа баяндап, жүк тасымалының барысы,  жөнелтілген және тапсырылған пойыздар туралы хабардар етіп, сол күнгі атқарылар жұмыстың жоспарын да құрады. – Қарабатан станциясынан жаз мезгілінде құрылыс материалдары, щебень, цемент, топырақ тасымалданады. Ал транзит жүкке келсек, Қостанай қаласынан Ресейге жөнелтілетін бүкіл астық өнімі, Қарағандыдан жөнелтілетін көмір, күкірт және  жергілікті мұнай өнімдері де Еуропа елдеріне осы Қарабатан станциясы арқылы өтетіндіктен тәуліктің кез-келген сағатында қозғалыс бір тынбайды. Одан басқа  тамақ өнімдері, шаруашылық заттары мен киім-кешек, техника, т.б.  тиелген жүк вагондары да аз өтпейді. Соның бәріне кәсіби қызмет көрсетіп, қарсы алып, шығарып салып, қауіпсіздікке қылау түсірмеу – біздің міндетіміз, – деді станция бастығы. Темір жол көлігінде  отыз жылға жуық  еңбек етіп келе жатқан станция бастығының тәжірибесі жетеді.  Атырау темір жол техникумын бітіргеннен кейін Қандыағаш станциясында басталған еңбек жолы күні бүгінге дейін сәтті жалғасып келеді.  2002 жылдан бері қарай Қарабатан станциясында кезекші, станция басшысының орынбасары лауазымдарын атқарып, екі жыл бұрын  станция бастығы болып тағайындалды. Негізі, темір жолда қызмет етудің қызығы мен қиыншылығы қатар жүретінін осы саланың «жілігін шағып, майын ішкен»  кәнігі теміржолшылар  бекер айтпаса керек.  Қарабатанның станция бастығы  бұл салада еңбек ету үшін адамға алдымен темірдей төзім мен жігер керек. Сонымен қатар кейде үлкен тәуекел, сын сағатта сындарлы шешім қабылдай білетін салқын сана қажет.  Сонда ғана уақытты минутпен өлшейтін,  темірдей тәртіпке сүйенген саланың «өз адамы» бола аласың дейді.  Келіспеске болмас... Біз қайтар жолға жиналғанымызда, Атырау бағытынан келіп тоқтаған  жүк пойызын вагон қараушылар тексере бастады.  Екінші жолға «Алматы – Атырау» жолаушылар пойызы қабылданатыны хабарланып, мүлгіп тұрған станция басы қауырт қимылдарға толып жүре берді...

Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ, Атырау

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды