«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бастамасымен Компанияның Жастар кадры резервіне іріктеу басталды, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Бағдарлама көшбасшылық қасиеттері, жоғары кәсіби даярлық деңгейі және одан әрі мансаптық өсу әлеуеті бар перспективалы қызметкерлерді анықтауға және дамытуға бағытталған.

Қатысуға 35 жасқа дейінгі, жоғары білімді, қызмет бейіні бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар және тәртіптік жазаға тартылмаған компания қызметкерлері шақырылады. 

Қатысуға өтінімді мына https://forms.office.com/r/At7Ui2bEf6 сілтеме бойынша беруге болады.

Толық ақпарат https://clck.ru/3PYNeQ сайтында орналастырылған.