ҚТЖ-да жапондық Riken KOGYO компаниясы өкілдерімен кездесу өтті

Жаңалықтар
16.10.2025, 17:25

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да басшылықтың жапондық RIKEN KOGYO компаниясының президенті Юкихиро Шибаомен кеңесі өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Кездесу барысында 2024 жылғы қыркүйектен 2025 жылғы наурызға дейінгі Көктұма – РЗД16 аралығында жүргізілген бірлескен зерттеулердің нәтижелері, сондай-ақ 2025-2026 жылдарға арналған жұмыс жоспарлары қаралды.    

2025 жылдың қыркүйегінде ҚТЖ қар үйінділерінің сырғуына, қардың тығыздығына және желдің параметрлеріне натуралық бақылау жүргізу үшін ұзындығы 100 метр екі қатарлы уақытша құрылым салды. Ағымдағы жылдың 20 қазанында RIKEN KOGYO деректерді жинау және талдау үшін стационарлық метеорологиялық жабдықты орнатуды жоспарлап отыр.  

Алынған нәтижелер негізінде жапондық мамандар қардан және желден қорғау бойынша оңтайлы инженерлік шешімдерді әзірлеу мақсатында аэродинамикалық тұрбада сынақтар жүргізеді. Зерттеулерді аяқтау 2026 жылғы наурызға, қорытынды материалдар мен техникалық ұсыныстарды беру 2026 жылғы мамырға жоспарланған.  

Тараптар теміржол инфрақұрылымының өткізу қабілетін арттыру және тасымалдау процесінің сенімділігін қамтамасыз ету үшін жобаның маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының алдағы Жапонияға ресми сапары шеңберінде ынтымақтастық туралы екіжақты меморандумға қол қою мәселесін пысықтау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.  

 

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды