Ескендір АБЫТХАН
«Тұлпар» тобы – екінші орында
Оқуға 2 мин
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының компаниялары тобы арасында «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен өткізілген «Ең бірінші бақытым – тілім менің» конкурсында «Қазақстан темір жолы» ҰК»АҚ –ның «Тұлпар» командасы жүлделі екінші орынды иеленді.
Өткен жылдың қарашасында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Темір жол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы» филиалының ұйымдастыруымен қызметкерлер арасында мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалайтын «Ана тілім – ардағым» конкурсы ұйымдастырылып өткізілген болатын. «Тұлпар» командасын құраған сол конкурс жеңімпаздары.
-Мұндай шаралар «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Жастар стратегиялық бағдарламасында көрсетілгендей жас мамандардың корпоративтік рухтарын көтеруге және өз өнерлерін шыңдай түсулеріне септігін тигізетінін сөзсіз. Өткен жылғы ҚТЖ байқауындағы жеңімпаз ұл қыздарымыздан іріктелген команда биылғы «Самұрық-Қазына компаниялары тобы арасынан екінші орын алды,-дейді «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ Персонал жөніндегі вице-президенттің міндетін атқарушы Нұржан Жапарқұл.
Атап өтерлігі аймақтарда өткізілген өңірлік байқауларда өз өнерлерімен танылған «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы Жамбыл магистральдық желі дирекциясының электромонтері Мээрим Кочорбаева, Қарағанды магистральдық желі дирекциясының Қарағанды белгі беру және байланыс дистанциясының қызметкері Оксана Кучаева мемлекеттік тілді жетік білулерімен көрермендерді тәнті етсе, қарағандылық Асқар Әбдікәрімов, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» акционерлік қоғамының «Маңғыстау бөлімшесі ЖТ» филиалынан Ибраев Азамат пен Баянбек Жұбатыров өз өнерлерін ортаға салып, суырылып шыққан жас таланттар Ұлттық компаниясының намысын қорғады.