Қазақстанның теңіз қақпасы: Ақтау портының келешегі кемел

Жаңалықтар
03.10.2017, 16:55
ҚР Парламент Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева бастаған бір топ депутаттар 2 қазан күні «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ нысандарын аралап көріп, көшпелі отырыс өткізілді. Бүгінгі таңда Ақтау теңіз порты «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ  қарауында әрі «Шығыс-Батыс және «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәліздерін жалғайтын сенімді тізбегі болып саналады. Қазірде Каспий порты инфрақұрылымын дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мемлекет басшысының Қазақстанды  іскерлік орталық ету және Жаңа Жібек жолы логистикалық хабын жасақтау мен елдің транзиттік әлеуетін дамыту туралы стратегиялық тапсырмасы жүзеге асырылуда. Мәртебелі меймандар алдында Ақтау теңіз портының қазіргі жағдайы мен даму болашағы туралы депутаттар алдында «АХТСП» ҰК» АҚ президенті Абай Түркіпенбаев баяндады. «Ақтау портының солтүстік қанаты кеңейтілуде. Соның нәтижесінде терминалдық нысандар салынып, порттың өткізу әлеуеті жылына 3 миллион тоннаға жеткізілді», – деп атап өтті А. Түрікпенбаев. Құрғақ және басты жүктерді өткізетін жаңа терминал құрылысын тұрғызу – порттың дәстүрлі жүктерді аудандастыруына және Қазақстанның транзиттік-көлік әлеуетін серпінді дамытуға  дем береді. Оның сыртында, Иран бағдарына жүк тасымалдау белсенді жүргізілуде. Ресейлік «Уралькалий» зауытының, сонымен бірге «Магнитогор металлургиялық комбинатының» өнімдерін және орман ағаштарын Ақтау порты арқылы өткізуге келісімдер жасалды.  Транскаспий бағдарына қатысушы елдердің жүктерін тасымалдауда өзара тиімді әрі жедел, табысты орындауға мүмкіндік ашылды. Алдын ала болжамдарға қарағанда 2020 жылдары Транскаспий бағдарына тасымалданатын жүк ағынын 300 мың ЖФЭ–ке жеткізу көзделеді. Ол үшін транзиттік жүкті еркін өткізуді қамтамасыз ету, толыққанды көлік инфрақұрылымын жасақтау, қызмет көрсету сапасын көтеру, түрлі әкімшілік кедергілерді барынша азайту қажет болады.  «АХТСП» ҰК» АҚ президенті Абай Түрікпенбаевтың айтуынша, қазіргі таңда Ақтау портындағы заманауи бизнес үдерістер транзиттік жүктердің тасқындай түсуіне қызмет етеді.  Мәселен, 2016 жылдың басында іске қосылған «бір терезе» әдісімен жүктерді ресімдеуді едәуір тездетіп, әрі жеңілдетті. Сенатор Д. Назарбаева Қазақстан порттық инфрақұрылымды дамытуға айрақша маңыздылық беріп отырғанын, бұл мәселе Елбасының тікелей бақылауында екенін атап өтті. -Біздің сауда порттарымыз – бұл елдің бет бейнесі, қақпасы, Қазақстанның сауда әлеуетінің дамуы. Ел экономикасының  энергетикадан кейінгі маңызды құраушысы. Бәсекелестерден нарықты жаулап алуға ұмтылу керек. Бизнес-шешімдер қажет,- деген Д. ариға Нұрсұлтанқызы  Ақтау портының қызметкерлеріне табыс тіледі.  Қазіргі кезде Ақтау теңіз порты басқа порттармен лайықты бәсекелестікке түсу үшін халықаралық көлік дәлізінің сенімді көзіне айналды. 

Ирина БЕКТИЯРОВА 

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты