Бүйірден табылған бүлік

Жаңалықтар
03.10.2017, 17:09
   Маңғыстаулық вагон қараушылар тағы бір апатты жағдайдың алдын алды. Маңғыстау вагон пайдалану депосының техникалық қызмет көрсету пунктінің вагон қараушы Берік Дүйсенбаевтың өз жұмысына беріктігінің арқасында Ақтау портына бағыт алған вагонның бүйірлік рамасынан ірі көлемді жарық анықталды.   Ақау 28 қыркүйек күні Маңғыстау станциясына аялдаған "АКА TRANS SERVICE" ЖШС-не тиесілі №51454155 бос битум вагонынан табылды. Вагон 2015 жылы 21 қыркүйекте "Ақжайық" ЖШС-де күрделі жөндеуден өткен, яғни кепілдік мерзімі әлі аяқталмаған. Бүйірлік рамасы №67608-14/2002 жылы шыққан.   - Жарықтың күрделі жөндеуде байқалған- байқалмағаны, ол кезде болған-болмағаны да бізге белгісіз. Оған біз ештеңе айта алмаймыз. Бірақ бұл өте қауіпті ақау екені белгілі. Ішкі жағы жарылып, сыртына да өтіп кеткен. Раманы тек 200 миллиметрдей жері ұстап тұр. Біздің жігіттер көрмегенде Ақтау портына дейін жетер-жетпесі неғайбыл еді. Жолда не боларын кім білген?.. Сондықтан Берік Дүйсенбаевтың өз ісіне жауаптылығы мен қырағылығын жоғары бағалаймыз және 14 жылдық еңбек тәжірибесінде бұрын да қолжетімсіз жерлердегі ақаулықтарды тауып, көпке үлгі болып келе жатқан жігіттің бүгінгі жеңісіне дән ризашылығымызды білдіреміз.  Кейбіреулер бүйірлік рамасындағы жарық тек қыста пайда болады дейді. Олай емес екеніне жақында Жамбыл облысындағы жағдай мысал. Сол хабар жеткелі жұмысшыларға ерекше ескертіп, түсінік жүргізген едік. Мына жаңалықты да Тассай, Болашақ, Жаңаөзен, барлық бөліністерге хабарлап, таныстырудамыз,-дейді Маңғыстау вагон пайдалану депосының техникалық қызмет көрсету пункті басшысы Жұмабек Якупбаев. Мекеме басшылығы орын алған ақаулыққа байланысты енді вагон қожайындары мен бұрынғы жөндеуден өткен орынға жолданған хаттың жауабын күтуде.

Шахида Жұман

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты