Қауіп-қатерлі күнкөріс қамы...

Жаңалықтар
03.10.2017, 17:28
Оңтүстіктегі Түлкібас бекетіне отызға жуық жолаушылар пойызы тоқтайды. Пойыздан түскен жолаушының бәрі жеміс-жидегімен аты шыққан таулы аймақтың иісі бұрқыраған алмасын сатып алғысы келеді. Перронда шелек-шелек алма көтерген әйел, бала-шаға жолаушыны жүргізбейді. «Алма алыңыз, алма...» « Арзан берем, менікін алыңыз...» деп көздің жауын алған қып-қызыл алма толы себет көтеріп  жолыңызды кес-кестегендер арасында 10-12 жастағы балалар да жүреді. Сауданың дәмін біліп алған түлкібастықтар арасында қауіпсіздік дегенді ұмытып, бала-шағаны да жеміс-жидек, анау-мынау тағам, сусын сатуға пойыз жолға шығарғандар аз емес. Жақында бір оқушы бір шелек алмасын өткізіп, ақшасын алып үлгермей, жүріп кеткен пойыздың астына түсіп кетердей жүгіргенін көріп, вагондағы елдің зәресі ұшты... Жуырда  Түлкібас станциясында өткен жиында осы тақырып сөз болды. Шымкенттен келген көлік прокурорының көмекшісі мен аймақтағы ЖІІБ полиция қызметкерлері болат жол мамандары мен жол бойында сауда-саттық жасайтын саудагерлерді жинап, өзекті мәселені ортаға салды.   – Вокзалға түскенде ас-су алғысы келген жолаушы сатушыға өзі барады. Алдынан зат алып жүгіремін деп құлап мертіккен, аяғы тайып кетіп пойыздың астына түскендердің талайын көрдік. Жолаушыға тауарын берерде саудагер перрондағы белгіленген сызықтан өтпеуі тиіс дегенді елеп-ескере бермейтіндерге қатаң жаза қолданбасқа амал жоқ. Тәртіп бұзған саудагерге алғаш ескерту берсе, ол көрініс екі-үш рет қайталанса 10 АЕК  мөлшерінде айыппұл салады. Ол дегеніңіз 22 мың теңге. Сонымен қатар, ендігі жерде бала-шағаны саудаға жеккендерге айыппұл салынатынын ескертемін, – деді үш жыл Түлкібаста қызмет етіп, осы өлкенің халқымен тығыз араласып үйренген Шымкент станциясындағы ЖІІБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Орынбасар Қалдыбекұлы. Вокзал бастығы Бауыржан Рысқұлбекұлы қыркүйектен бастап ұл-қызын осында саудаға ертіп шыққан ата-анаға  әкімшілік айыппұл салынатынын растады.  Саудагерлердің ішінде бір орында тұрып-ақ сауда жасап бұйырғанын тауып жатқандар бар. Солардың сауалына орай, бала арнайы дүңгіршекте ата-анасына жәрдем беруге рұқсат, тек перронға алып шығып сауда жасауға жекпеуі керектігі ескертілді. Көпшілік арасынан «қайтеміз, күнкөріс қамы, сауда жасасақ өз бақшамызда өсірген жеміс-жидекті сатамыз, бала-шағамыз көмектессе несі айып?» деп бейғамдық танытқандар да болды. Тәртіп сақшылары балалар құқығы мен қауіпсіздігі жайлы дәріс оқуға тура келді. Оқушы қолына түскен бес-он теңгеге алданып, бақытсыз жағдайға ұшырап қалуы әбден мүмкін. Әсіресе қыста жер көк мұз болғанда аяғы сырғанап, дөңгелек астына түсу қаупі өте жоғары екені ата-ананы ойландыруы тиіс.   «ӘТЖК» АҚ Шымкент филиалына қарасты Түлкібас бекетіндегі басшысы Икрам Тұрсынбеков қауіпсіздік жайлы бес нұсқаулықты еске салды. Пойыз өте салысымен рельсті басуға болмайды. Өйткені, оның бойында пойызбен бірге тоқ жүріп өтетінін есте ұстаған жөн. Бағыттағыш бұрманы бес метр айналып өтпесеңіз аяқты қысады. Төбедегі электр тоғының қуатылы 27500 кВт, осыдан 15 жыл бұрын жолсерік мұзды түсірем деп жанып кеткен. «Қарапайым ережені сақтау қиын емес қой. Бірақ біз ададмар соның бәрін қиындатып өз өмірімізге өзіміз қастандық жасаймыз.  Мені ересектердің  баласын ертіп вагонның астынан өтетіні таң қалдырады. Бала көргенін істейді. Барып «мұның қалай?» десең,  осы жерде 40 жылдан бері тұратынын алға тартып, өзім білеммен бет бақтырмайды» деген күзет қызметкері күнкөріс қамы деген желеумен қауіп-қатерге баратындармен күрес тоқтамайтынын жеткізді. 

Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты