Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Жаңалықтар
03.10.2017, 17:36
Шиелі станциясының айналасына аймақтағы өндірістік мекемелер көп шоғырланған.  Сондықтан жүк тиеу мен түсіру, жүк құжаттарын рәсімдеу мұнда тынымсыз жүреді. Станция бастығының орынбасары Нұрғали Әбжаппаров ұсынған мәліметтер шиеліліктердің межеленген жұмыстарды үдесінен асыра орындап отырғанын айғақтайды. Мәселен өткен сегіз ай ішінде 582 вагонға 34052 тонна жүк  тиеу жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар 8501 вагонның орнына  8549 вагоннан жүк түсіріліп, мұнда да  жоспар 101 пайызға орындалған. Жылдың алғашқы сегіз айындағы статистикалық жүктемеде белгіленген 56,0 тонналық норманың орындалуы 58,5 тоннаға жетіп көрсеткіш 104 пайызға жеткен. Станция қызметкерлері жүк құжаттарын рәсімдеуде де шапшаңдық танытуда. Бір жүк түсіру операциясында вагонның бос тұру көрсеткіші сегіз айда 9,0 сағатқа белгіленсе іс жүзіндегі көрсеткіш 7,79 сағатты көрсетіп жоспар 115 пайызға көтерілген. Құжаты рәсімделмей вагонның станцияда бос тұру көрсеткіші жоспардағы 1,40 сағаттық жүктемені 1,23 сағатқа қысқартқан екен станция еңбеккерлері жоспарды 114 пайызға орындаған. – Шиелі станциясындағы 10 жол мен 13 кірме жолдар станциялық жұмыстарды қауіпсіз атқаруға толық мүмкіндік береді. Біздің станцияның жүк түсіру және жөнелту жұмыстарының негізгі тапсырыс берушілері «Казатомпром» кәсіпорны мен осы мекеменің еншілес кәсіпорындары, атап айтқанда «ТТК-Шиелі», «МКС компаниялары» және де тұрғылықты кәсіпкерлерден «Тәжібаев», «Тұрманов», «Мырзабаев» сынды заңды тұлғалар маусымдық кәсіп заттары мен қатар халық тұтынатын тауарларды жеткізуде осы станцияның қызметін пайдаланатын тұрақты клиенттер болып саналады. Олардың тапсырыстарын орындауда және жүктерін тиеп-түсіруде  кідіріс орын алып жатқан жоқ, әрбір станциялық «клиенттің талабы заң» деген қағидамен жұмыс істейді, – дейді станция бастығының орынбасары Нұрғали Әбжаппаров. Ұжымның бірлігі мен өндірістік мол тәжірибесінің арқасында жылдық, айлық тапсырмаларды уақтылы орындауға дағдыланған шиеліліктер жұмыла көтерген жүктің жеңіл болатындығын іспен дәлелдеуге машықтанған. Бірінің ұмытқанын екіншісінің еске салып ескертуі, бірінің білмегенін екіншісі үйретіп, сан түрлі нұсқаулықтар мен жұмыс бабындағы тапсырмаларды орындауда да өзара көмек жеңіске жетудің кілті деп біледі станция басшылығы.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Шиелі

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты