Жазып қойған хатпен тең...
Жаңалықтар
03.10.2017, 17:41
Ақ жаулықты апалар мен ақ сақалды аталарын «жазып қойған хатпен тең» деп ардақтаған елдің ұрпағы Халықаралық қарттар күнін де атап өтті.
Астана электрмен жабдықтау дистанциясының ұжымы мен «Қазпрофтранс» ҚБ «Астана» филиалы қырыққа жуық ардагер әріптестерін түскі асқа шақырып, мерекемен құттықтады. Онда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ардагерлер кеңесінің төрағасы Болат Дүйсемәлиев болат жол бойында аянбай қызмет еткен зейнеткер теміржолшыларды Қарттар күнімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Ал «Қазпрофтранс» ҚБ «Астана» филиалының төрағасы Серік Сәрсекеев жиылған қарттарды мерекемен құттықтай отыра, осы шараны ұйымдастырушы электрмен жабдықтау дистанциясы кәсіподақ комитетінің төрағасы Медет Хасеновке алғысын білдіріп, кәсіподақтың 25 жылдық төсбелгісімен марапаттады.
Астана пайдалану локомотив депосы мен кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Қарттар күні мерекесіне орай өткен мерекелік шарада колледж студенттері өнерлерін көрсетті.
Депоның директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Дастан Елеусізов қадірлі қарияларды мерекемен құттықтап, «...Сіздер салып кеткен сара жолға шаң жұқтырмай қызмет ету үшін әрдайым ақыл-кеңестеріңізге жүгінеміз. Сондықтан да жол көрсетер шамшырағымыз болып аман-есен жүре беріңіздер», деп жылы лебіз білдірді.
Мерекелік дастарханда бас қосқан ардагер теміржолшылар байырғы әріптестерін көріп, арқа-жарқа болып әңгіме-дүкен құрды. Кәсіподақ төрағасы Ринат Абайдилдинов қариялармен демалыс орындарына жолдама беру, ем-дом, материалдық көмек сынды мәселер төңірегінде әңгімелесті.
Жандары жадырап, көңілдері шалқыған қариялар атынан сөз алған ардагер теміржолшы Далабай Байғожин: « Бүгінгі отырыс керемет болды. Қарттарға керегі тек көңіл ғой. Осы шараны ұйымдастырушыларға алғыстан басқа айтарым жоқ», – деп ризашылығын білдірді.
Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты