Қазақстан мен Қытай шекара маңындағы станциялардың ауысымдық қызметкерлерін өзара орналастыру туралы келісімге келді

Жаңалықтар
04.11.2025, 19:15
Оқуға 1 мин

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы шекаралық өткелдердің жұмыс тиімділігін арттыру, сондай-ақ жүк қабылдау мен тапсыру процесін үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ мен Қытай темір жолдары шекара маңындағы темір жолдар жөніндегі бірлескен комиссиялар отырысының қорытындысы бойынша шекара станцияларының ауысымдық қызметкерлерінің өзара аумаққа кіру тәртібі жөнінде келісімге келді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Достық және Алтынкөл станцияларында ҚХР ауысымдық қызметкерлерін орналастыруға арналған ғимараттарды жөндеу және жаңғырту жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ Қытай қызметкерлерінің қауіпсіз еңбегі мен жайлы тұруына барлық қажетті жағдай жасалды.

Жеткен келісімдер қолданыстағы шектеулерді жоюға, әкімшілік рәсімдерден өту уақытын қысқартуға, шекара маңындағы станциялардың өткізу қабілетін арттыруға, жүк құжаттарын өңдеу процесін жеделдетуге және Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол көлігі саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

Екі тараптың ауысымдық қызметкерлерін көршілес станцияларға жіберу 2025 жылдың желтоқсан айына жоспарланып отыр.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды