ҚТЖ Өзбекстан темір жолымен тасымалдау процесін тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдауда

Жаңалықтар
10.11.2025, 18:23

ҚТЖ Орталық Азия елдеріне қазақстандық экспорттың едәуір бөлігі өтетін Сарыағаш халықаралық өткелінде тасымалдау процесін тұрақтандыру жөнінде шаралар қабылдауда, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Қазақстандық экспорттың 50%-дан астамы (айына 700 мың тоннаға жуық) осы өткел арқылы жіберіледі, бұл ретте көлемнің 70%-ға жуығы Өзбекстан станциясына тиесілі. Дәнді дақылдарды тасымалдаудың маусымдық шоғырлануы шекара маңы учаскесінің инфрақұрылымына үлкен жүктеме туғызады. 

Жаппай тасымалдау маусымының басталуы жүк ағындарының қозғалысын уақытша қиындықтарға әкелді. Сарыағаш станциясына жақын маңайда 8 400-ден астам вагон жиналды, бұл Өзбек темір жолы тарапынан пойыздарды уақытылы қабылдамауға байланысты туып отыр. 35 пойызды құрауы тиіс қабылдаудың келісілген тәуліктік нормасы кезінде қыркүйек және қазан айларында нақты көрсеткіштер 29 және 31 пойызды құрады, ал қазіргі уақытта қабылдау тәулігіне шамамен 29 пойыз деңгейінде қалып отыр. 

Қалыптасқан жағдай уақытша тоқтатылған құрамдардың пайда болуына, қабылдау-жөнелту жолдарының бос болмауына және вагондар айналымының ұлғаюына әкеліп соғады, бұл жеткізудің шарттық мерзімдерін сақтамау тәуекелдерін тудырады. Сондай-ақ, бұл жағдай Тәжікстан және Ауғанстанға  тасымалдау процесіне әсер етеді. 

Жолаушылар тасымалы кестесінің тұрақтылығын сақтау және ҚТЖ инфрақұрылымының шамадан тыс жүктелуіне жол бермеу мақсатында 2025 жылғы 25 қазаннан бастап Сарыағаш халықаралық өткелінің бағыты бойынша тиеуге уақытша шектеулер енгізілді. Шара мәжбүрлі және уақытша сипатқа ие болып, пойыздарды нақты қабылдау келісілген көлемге дейін қалпына келтірілгенге дейін жағдайды тұрақтандыруға бағытталған. "ҚТЖ "ҰК" АҚ қозғалыстың оңтайлы кестелерін келісу және өңірде тұрақты көлік қатынасын қамтамасыз ету үшін іргелес мемлекеттердің темір жолдарымен өзара іс-қимылды жалғастыруда. 

2025 жылдың он айының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы тасымалдау көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,8%-ға ұлғайып, 25,6 млн тоннаны құрады. Оның ішінде Қазақстаннан Өзбекстанға тасымалдау 9,8 млн тоннаға (+6,5%), ал кері бағытта — 1,6 млн тоннаға (+42%) жетті. 2025 жылдың он айының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы тасымалдау көлемі 14,9%-ға ұлғайып, 4,7 млн тоннаны құрады, бұл ретте қазақстандық экспорт көлемі 10%-ға - 2,1 млн тоннаға дейін өсті.

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты