Жетісуға тәулігіне орта есеппен 38 вагон көмір жеткізілуде

Жаңалықтар
13.11.2025, 14:19

Жетісу облысының көмір қоймаларына қатты отын тиісті көлемде тұрақты жеткізілуде. Қазір өңірге тәулігіне орта есеппен 38 вагон немесе 2,6 мың тонна көмір әкелінеді. Жалпы биылғы жылыту маусымына облыста халықтың көмірге деген қажеттілігі 397 мың тоннаны құраса, бүгінгі күнге жетісулықтар 328,2 мың тонна көмір сатып алды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, өңірдегі аудан-қалаларда жоспарға сәйкес 343,4 мың тонна көмір немесе қажетті көлемнің 83,3% дайындалған, соның 328,2 мың тоннасы халыққа сатылды, қазір қоймалар мен тұйықтарда 19,7 мың тонна бар көмір бар.

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ҰК» АҚ тарапынан халыққа көмір дайындау жоспарын орындау бойынша күнделікті мониторинг жүргізіледі. Біздің облысқа орташа есеппен тәулігіне 38 вагон, атап айтқанда 18 вагон «Шұбаркөл», 20 вагон «Қаражыра» көмірі жеткізіліп отыр, яғни көмір жетіспеушілігі жоқ. Күз-қыс айларында сұраныс күрт өсетіндіктен, көмірге кезек, тасымалдау кідірістері, тапшылық сияқты қиындықтарды болдырмау мақсатында аудан, қала әкімдіктері тарапынан қолайлы ауа райында көмір сатып алу туралы халық арасында түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Жалпы облыс аумағында жылыту маусымы штаттық режимде өтуде», - делінген басқарманың хабарламасында.

Атап өтсек, облыс бойынша 44 көмір тұйығы мен қойма бар.

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды