ҚТЖ Қазақстанның Қытай мен Еуропа арасындағы негізгі транзиттік хаб ретіндегі ұстанымын күшейтуде

Жаңалықтар
18.11.2025, 14:14

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдің транзиттік әлеуетін одан әрі дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов бастаған «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ делегациясы Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды, онда ағымдағы жылдың 18 қарашасында «Қытай-Еуропа» теміржол маршрутындағы халықаралық ынтымақтастықтың екінші форумына қатысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Форумда ҚХР Мемлекеттік Кеңесі премьерінің орынбасары Дин Сюэсян, Шаньси провинциясының губернаторы Чжао Ган, Қытай темір жолдарының басшысы Го Чжусюэ және 40-тан астам елдің үкіметтік құрылымдарының басқа да жоғары лауазымды өкілдері сөз сөйледі.

 Форумда Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (ТХКБ) дамытуға, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және жаһандық жеткізілімдердің тұрақтылығын қамтамасыз етудегі теміржол көлігінің рөлін нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Форум аясында CRCT компаниясы арқылы Қытай темір жолдарын «MIDDLE CORRIDOR MULTIMODAL Ltd.» - Қазақстан, Әзірбайжан және Грузин темір жолдарының бірлескен кәсіпорнына қосу туралы келісімге қол қойылды.

Форумда сөйлеген сөзінде Талғат Алдыбергенов Қазақстан мен Қытай көшбасшылары маршрутты дамытуға маңызды мән беретінін атап өтті. Бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин өз сөздерінде «Қытай – Орталық Азия – Еуропа» бағыты бойынша байланыстарды нығайту мемлекеттердің ортақ стратегиялық мүдделеріне сәйкес келетінін және тұрақты сауда мен өсу үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өткен болатын.

Мәселен, Қазақстан мен Қытай арасындағы тасымалдар соңғы 10 жылда 4,5 еседен астамға өсті. 2025 жылы 35 млн тоннаға жетеді деп күтілуде (10 айда 29 млн тоннадан астам тасымалданған, бұл өткен жыл деңгейінен 11% жоғары).

Ляньюньган, Қорғас, Сиань және басқа да көлік тораптарындағы Қазақстан мен Қытайдың кооперациялық жобалары тұрақты өсуді көрсетеді. Контейнерлік тасымалдар онжылдықта 5 еседен астам ұлғайды және 1,4 млн ЖФБ-дан асты.

ТХКБ бойынша да оң динамика сақталуда: ағымдағы жылдың 10 айында контейнерлік пойыздар саны 12% өсті. Жіберу бойынша көшбасшы Сиань қаласы болды – жалпы көлемнің 46%, 16 мыңнан астам ЖФБ.

Өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін Қазақстан теміржол инфрақұрылымына белсенді инвестиция салып отырғандығын атап өту қажет. 5 мың км жолдың құрылысы мен жаңғыртылуы жүргізілуде, бұл алдағы жылдары ҚХР шекарасында өткізу қабілетін жылына 100 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады