Бангкок қаласында (Тайланд) БҰҰ Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) «құрғақ порттар» жөніндегі Жұмыс тобының алтыншы отырысы өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Отырыс қорытындысы бойынша Dostyk Trans Terminal терминалы мен GLOBAL CITY сауда-логистикалық кешенін ЭСКАТО-ның құрғақ порттар жөніндегі Үкіметаралық келісімінің тізіміне енгізу туралы шешім қабылданды.
Бұл шешім Қазақстанның БҰҰ-ның ресми инфрақұрылымдық карталарындағы көрінісін кеңейтіп, елдің транзиттік-логистикалық әлеуетін одан әрі дамытуға қосымша мүмкіндіктер ашады.