ҚХР-ға сапары аясында ҚТЖ халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда

Жаңалықтар
19.11.2025, 15:04

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығының делегациясы Қытайға жұмыс сапары аясында Сиань Құрғақ портын, Xianguojigang станциясын, сондай-ақ осы маңызды көлік торабындағы қазақстандық терминалды қоса алғанда, негізгі логистикалық нысандарды аралады. Дәл осы Сиань қаласы контейнерлік пойыздарды жөнелту бойынша көшбасшы болып саналады – жалпы көлемнің 46%, 16 мыңнан астам ЖФБ, деп хабарлайды Rail-news.kz.

ҚТЖ басшылығы операциялық қызметпен танысып, ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын және жүк тасымалдау тиімділігін арттырудың жаңа тетіктерін талқылады. 

Сонымен қатар, мұнда ҚТЖ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов Сиань қаласының мэрі Йе Нюпин мырзамен маңызды кездесу өткізді. Диалог барысында көліктік-логистикалық өзара іс-қимылды кеңейту, жүк тасымалдау көлемін ұлғайту және халықаралық маршруттар шеңберінде байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды.

ҚТЖ, әзірбайжан мен грузин теміржолдары, сондай-ақ Сиань қаласының мэриясы арасындағы төрт жақты кездесу ерекше маңызға ие болды. Тараптар, оның ішінде түрік темір жолдарының өкілдері Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (ТХКБ) дамытуға бейілділігін растады және инфрақұрылымды жақсарту, логистикалық процестерді цифрландыру және жүк ағындарын үйлестіру жөніндегі бірлескен қадамдарды келісті. 

Сондай-ақ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығы Түркіменстанның Теміржол көлігі министрі және Цзиньхуа қаласы Қытай Коммунистік партиясы парткомының хатшысы Чжу Чунле мырзамен кездесу өткізді. Тараптар «Бір белдеу – бір жол» бастамасы шеңберінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, көліктік-логистикалық байланыстарды дамыту және транзиттік әлеуетті нығайту мәселелерін талқылады. Мультимодальды тасымалдау және логистикалық маршруттарды интеграциялау саласындағы бірлескен жобаларға ерекше назар аударылды.

Айта кетейік, Цзиньхуа қаласы Шығыс Қытайдың маңызды көлік және өнеркәсіптік орталығы болып табылады және оның басшылығымен диалогты дамыту Қытай мен Еуропа арасындағы негізгі транзиттік көпір ретінде ҚТЖ және жалпы Қазақстан үшін стратегиялық маңызға ие.

Тұтастай алғанда, Сиань мен Цзиньхуа еуразиялық көлік дәлізінде негізгі тораптың рөлін атқарады және ТХКБ-ны құрудың бастауында тұрған Қазақстан ҚР Президентінің елдің транзиттік әлеуетін ашу, «Қытай – Еуропа – Қытай» бағыты бойынша жүк ағынын арттыру және өңірлік ынтымақтастықты нығайту жөніндегі тапсырмаларын белсенді іске асыруды жалғастыруда.

Бұдан басқа, Қазақстан тасымалдау географиясын кеңейте отырып, жаңа логистикалық мүмкіндіктер ашып, бәсекеге қабілетті маршруттар ұсына отырып, Шығыс пен Батыс арасындағы сенімді транзиттік көпір мәртебесін нығайтуды жалғастыруда.

Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті