Қыстың қамы қатаң бақылауда
Жаңалықтар
10.10.2017, 12:47
Қыс шанасын жаз дайындауға әдеттенген Сыр өңірінің теміржолшылары қазір қатал маусымға дайындық жұмыстарын пысықтап, кем-кетігін түгендеуге кіріскен.
Қызылорда ЖТ бөлімшесі директорының темір жол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бұйрығына сәйкес телімдерде қысқа дайындық шаралары күнделікті жұмыстармен қатар атқарылуда екен. Әсіресе, бүгінгі күннің басты мәселесі, қажетті техникалық және тұрмыстық көмірді жеткізу болып тұр. Бөлімшенің өндірістік бөлім басшысы Байдулла Абылбековтің айтуынша қысқа дайындық жұмыстары шұғыл штаб бақылауымен жүзеге асырылуда екен.
–Бөлімше бойынша станция-бекеттердегі техникалық қажеттілікке тиісті 158 тонна көмір, ВЧД бойынша жұмысшылардың жуыну бөлмелері мен ғимаратарды жылытуға керекті 157 тонна техникалық көмір, Шиелі станциясындағы ТД-6 өндірістік жұмыс барысында құм кептіру, жылу қазандықтары секілді қажеттілігіне 233 тонна техкөмір және 4-5-класты станциялардағы теміржолшылардың тұрмыстық қолданысына керекті 483 тонна көмір жақын күндерде жеткізіледі деп күтілуде. Және де 483 тонна тұрмыстық көмірдің қажет болуына байланысты Шұбаркөл көмір разъезімен келісім жасалып, осы айдың екінші жартысында көмір телімдерге жеткізіледі,– дейді өндірістік бөлім басшысы.
Сонымен қатар бөлімше нысандарына керекті 552 тонна үрлеп жағылатын техникалық көмір алу үшін «Касперит» серіктестігімен келісім жасалыпты. Аймақ теміржолшыларын, аязға қарсы жақпа май секілді қорғаныш түрлерімен, маусымдық қысқы киіммен қамтамасыз ету, тұтыну мерзімі өткен киімдерді ауыстыру шаралары уақытылы жүргізілуде екен. «Алғаш қыстаушылармен» тамыз айларында өткізілген техникалық сабақтар қайта пысықталып, олар тәжірибелі теміржолшыларға бекітіліп берілген.
Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты сала мекемелерінде де қысқа дайындық жұмыстары күн тәртібінен түскен емес. Бөлімшенің өндірістік-техникалық бөлім бастығының орынбасары Ержан Итемгенов теміржол нысандарын қысқа қажетті көмірмен қамту және қыс маусымына дайындық барысы жайлы айтып өтті.
–Магистральдық желі бөлімшесіне қарасты салалық мекемелерде 393 қызметтік және өндірістік ғимараттар болса, солардың барлығы 100 пайыз қысқа дайын. Осы мекемелерді ғимараттарды жылумен қамтамасыз ететін 14 жылу қазандығын дайындау барысында жылу жүйелеріне қысымды тазарту жұмыстары жүргізілді. Жылу беруге қажетті сұйық және қатты отындар жеткізілуде. Ал бөлімше бойынша қыс маусымында қатты отын көмірдің техникалық және тұрмыстық түріне қажеттілік 225 000,20 тонна болса, оларды жеткізуге келісімшарттар жасалған, – дейді Ержан Итемгенов.
Сондай-ақ, ол бөлімшеге қарасты теміржол мекемелеріне 205508 тонна қыстық жанармай алуға қатысты келісімнің де жасалғанын атап өтті. Бүгінде телім бойындағы қарға қарсы тұрғызылған қалқандардың 0,400 метріне жөндеу жұмыстары жүргізілген. Темір жолдарды қардан тазартатын 6 СМ-2 арнайы техникалары Сексеуіл, Қазалы жол дистанцияларына бекітіліп, олардың жұмысқа дайындығы тексеруден өткізіліпті. Сексеуіл – Қазалы – Жосалы телімдерінде қарды тазалауға қажеттілік бола қалған жағдайда, абдырап қалмау үшін, дайындық жүргізіліп, техникалардың қар тазалау жұмыстары жоспарланып, Сексеуіл және Қызылорда локомотив пайдалану депосларынан арнайы 6 тепловоз бекітілген. Бөлімше балансындағы 124 түрлі көлемдегі автотехниканың дені қысқы жұмысқа дайындықтан өткен. Және де магистральдық желі бөлімшелеріне жұмысқа орналасқан 31 теміржолшымен арнайы дайындық жұмыстары өткізіліп, олар тәжірибелі мамандарға бекітілген.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты