Ауа райы нашарлаған кезде ҚТЖ пойыздардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар енгізеді

Жаңалықтар
11.12.2025, 17:01

«ҚТЖ» ҰК» АҚ ауа-райының нашарлауы кезеңінде пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында іс-шаралар кешенін қабылдайды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

2025 жылғы 10 желтоқсанда Достық станциясында ауа-райының күрт нашарлауы орын алды: қар түрінде жауын-шашын кезінде солтүстік-батыс желінің жылдамдығы 20 м/с-тан астамға жетті. Қарлы бораннан көру мүмкіндігі нөлге тең болды.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Достық станциясында маневрлік жұмыстар 10.12.2025 ж. сағ. 20:15 – 11.12.2025 ж. сағ. 02:00 аралығында уақытша тоқтатылды.

Қардан тазартуға 114 теміржолшы тартылды, оның ішінде түнде – 67 қызметкер. Қазіргі уақытта бағыттамалық бұрмаларды қардан тазарту бойынша 25 қызметкер жұмыс істеуде.

Бескөл – Достық учаскесінде және Достық станциясының өзінде 30 м/с дейін екпінді дауылды жел пойыздық және маневрлік жұмыстарда қиындықтар туғызды, соның салдарынан осы бағытта жүк тасымалы мәжбүрлі түрде шектелді. 

Бұдан басқа, Шу – Шығанақ және Шоқпар – Алайғыр темір жол учаскелерінде ауа райының нашарлауына байланысты қауіпсіз өтуді қамтамасыз ету мақсатында пойыздар қозғалысының жылдамдығы төмендетілді.

Синоптиктердің мәліметінше, желтоқсан айында Қазақстан аумағында жауын-шашын көбінесе қар түрінде, кей жерлерде екпінді жел мен боран болады деп болжануда.

Желдің тұрақты соғуы аймағы болып табылатын Көктұма – 16 рзд. учаскесінде қолайсыз ауа-райы жағдайлары тағы бірнеше күнге созылады деп күтілуде.

Алтынкөл – Қорғас шекара өткелі штаттық режимде жұмыс істейтінін атап өтеміз.

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды