Басшыларға арналған семинар

Жаңалықтар
13.10.2017, 15:54
ЖТ-Жамбыл жол бөлімшесіне қарасты Шу локомотив пайдалану депосында депо директорларының пайдалану жөніндегі орынбасарлары мен машинист-нұсқаушыларға арналған екі күндік семинар өтті. Семинардың ашылу барысында Шу локомотив пайдалану депосы директорының орынбасары Константин Цой депо тарихынан сыр шертіп, роликпен баяндады. Ал маңызды шара жұмысына қатысқан ТПС (Тартымдық жылжымалы құрам жүйесі) пайдалану департаментінің директоры Аспан Қажығұлов деполардағы қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз ету көрсеткіші, яғни сегіз айдың жұмыс қорытындысы туралы мәлімет бере отырып, локомотив бригадаларының техникалық оқу сапасына, автотежегішті басқару, апатты жағдайдағы және қиын сәттерде локомотив бригадаларының іс-әрекеті, локомотив жөндеу жұмыстарының сапасы, құжаттар айналымына тоқталды. Бұдан соң сөз алған Шу локомотив пайдалну депосының ардагері, Құрметті теміржолшы Отан Молдабаев: «Қозғалыс қауіпсіздігін еңсеруде машинистің рөлі ерекше. Аса жауапты. Расында машинист өзге шаруашылықтардың қателіктерін көруі, алдын алуы мүмкін. Алайда машинистің қателігін ешкім түзей алмайды» деп өз ой-тәжірибесімен бөлісті. Семинар жұмысына қатысқан тағы бір астаналық өкіл, ТПС пайдалану департаментінің 1 деңгейлі менеджері Асқар Шокулбаев ЦРБ құрылғысының тұсаукесерін өткізіп, техникалық оқу сапасын арттыру шараларын тілге тиек етті. Шарада Жамбыл локомотив пайдалану депосы директорының пайдалану жөніндегі орынбасары Ораз Дауылбаев локомотив бригадаларының біліктілігін, техникалық оқу сапасын арттыру бойынша хабарлама жасады. Оның айтуынша, Жамбыл локомотив пайдалану депосында локомотив бригадаларының біліктілігін көтеру үшін арнайы локомотив бригадаларына арналған тест сұрақтарымен жасақталған компьютер қойылған және оның бағдарламасы тұрақты түрде ауыстырылып тұрады. –Бұл локомотив бригадаларының біліктілігін көтеру үшін өте қажетті шара. Өйткені, машинистер өз білімдерінің нәтижелерін компьютер бағдарламасы арқылы көреді. Сондықтан оған қызығушылық артуда. Машинистерді қолдары бас уақытта осы компьютер жанынан табасың, – деді Ораз Дауылбаев. Өзге өңірлерден келген семинарға қатысушы депо директорларының орынбасарлары да өз ойларын ортаға салды. Жиын соңында қатысушылардың сұрақтарына Асқар Шокулбаев жауап берді. Семинар жұмысының қорытындысы бойынша жиынға қатысушылар ТЭ33А, ТЭП33А, СКД-6 және KZ8А, KZ4АС сериялы электровоздардың машинист-нұсқаушыларын тұрақты оқыту, локомотив бригадаларының біліктілігін көтеруде Жамбыл локомотив пайдалану депосы қолданып отырған тәжірибені басшылыққа алу, сондай-ақ Екібастұз локомотив пайдалану депосы тәжірибесіндегі инженерлер мен локомотив бригадаларын бағдарламалық оқыту сынды шаралары басшылыққа алу жайын талқылады.

Ерман Әбдиев, Шу

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты