Аягөзде жұмыс қарқынды

Жаңалықтар
13.10.2017, 17:38
Семей ЖТ бөлімшесіне қарасты Аягөз жол дистанциясында биылғы жаз қауырт еңбекпен өтуде. Жол сауықтыру ісінде ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстары ауа райының қолайсыздығына қарамастан жоспарға сай орындалуда. Оған жолға қажетті техникалар мен материалдық базаның жеткіліктілігі елеулі түрде септігін тигізген. Биылғы жылғы бір ерекшелік сол, станция басындағы кірме жолдарға ерекше көңіл бөлініпті. Мәселен, биылғы жылы Аягөз станциясының өз басында 0759 шақырым аумақтың кірме жолы күрделі жөндеуден өткен болатын. Сонымен қатар, кідіріссіз жүргізіліп жатқан ағымдық жөндеу жұмыстары аясында қазіргі күнге дейін 1800 бірінші типті шпал ауыстырылған. Ал желі бойына төселген екінші типті шпал саны 1600-ді құрайды. Бір бұл емес, қажеттіліктің туындауы себепті 18 крестовина да жаңартылып, 10 текше метр брус ауыстырылған. Мұнымен қоса, шалғайдағы шағын станцияларға да мән берілуде. Оның аясында телім бойының бес жерінің бағыттама бұрмаларын ауыстыру көзделуде. Бұл шаралар жыл соңына дейін аяқталмақ. Яғни, Ақтоғай – Аягөз теліміне қарасты Жүзағаш, Ақболат, Темекілі және Егізқызыл станцияларында әлі де болса қауырт жұмыс жүргізу көзделуде. Қазіргі күндері даярлық жасалуда. Сондай-ақ, бүгінгі таңда орташа жөндеу жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Қоңыр күзге белгіленген мұндай шаралар тек екі шақырым деп жоспарланған болатын. Қазіргі күні аяқталуға таяу тұр. Бұл ретте аягөздік жолшылар жаңадан ағаш шпалдардың жеткізілуін күтуде. Материалдан тапшылық туындамаса белгіленген меже қар түскенге дейін толықтай аяқталмақ. Бүгінгі таңда Аягөздегі ПЧ-42 мекемесінде 138 жол монтері еңбек етуде. Олардың көпшілігі мол тәжірибелі мамандар. Жалпы, жұмыс күші жеткілікті.  Тәжірибелі басшы, нағыз жол шаруашылығының маманы Нұрлан Шәріпқанов жетекшілік ететін Аякөз жол дистанциясының қарамағына қазіргі күні Ақтоғай – Аякөз – Жарма аралығындағы 225 шақырымдық телім кіреді. Мұндағы жұмыстың өзіндік ауыртпашылығы бар. Атап айтсақ, 225 бас жолдың тек жүз шақырымдайы ғана темірбетонды түйіспесіз жол. Ал қалғанында әлі күнге дейін ағаш шпалдар қолданылады. Сол себепті де, оған көрсетілетін күтім де жоғары болуы керек. Осы жайтты басты міндет тұтқан аягөздік жолшылар жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сапасын жақсарту мақсатында бұрынғы жылдармен салыстырғанда қарқынды жұмысқа көшкен. Оған дәлел, жоспарлы шаралардың мерзімінде аяқталуы. Мұнымен қатар, аягөздік жолшылар алдағы қатал сыншы қыс маусымына даярлық жасау шараларын толықтай аяқтапты. –Дистанциямыз бойынша межеленген басты жаңашылдық сол – 70 шақырымдық станциялық жолдар мен 219 бағыттамалы бұрмаларды темірбетонға ауыстыру ісі жүргізілуде. Техникалардың берілуінде кедергі жоқ. Тек әлі де келіп түсетін материалдар бар, – дейді пікір білдірген Аягөз жол дистанциясының өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Болат Мұстафинов. Жалпы, Аягөз жол дистанциясында өндірістік қауіпсіздік толығымен сақталуда. Қозғалыс қауіпсіздігі бойынша ағымдағы жылы ешқандай ақау орын алмапты. Еңбекті қорғауда да жақсы көрсеткіштер бар. Тағы бір айта кетерлігі, жуырда болып өткен күзгі комиссиялық байқау барысында да аягөздік жолшыларға ескертулер аз жасалыпты.  

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Аягөз

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты