Анна ПАНИЩЕВА, Орал
Медпойыз жұмысын бастады
Оқуға 1 мин
Кеше Орал жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты Шыңғырлау станциясында «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы өз жұмысын бастады.
Шалғай станция тұрғындарын жоғары білікті медицина мамандарының қызметімен қамтамасыз етуге бағытталған бұл бірегей әлеуметтік жоба бұған дейінгі жұмыстарымен де елдің ризашылығын туғызғаны белгілі. Пойыз құрамында терапевт, кардиолог, стоматолог, хирург, маммолог, невролог, педиатр, уролог және офтальмолог мамандар бар, сонымен қатар УЗИ, флюорография және ЭКГ арқылы тексерулер жүргізіледі.
Құрамның 8 вагоны халықты толыққанды тексеруге арналған керекті құрал-жабдықтармен жарақталған. Тіпті амбулаториялық ота жасауға арналған шағын ота жасау орны мен процедуралық бөлме де бар. Сондай-ақ, медицина қызметкерлері тұратын жайлы купелермен де қамтылған. Өйткені, кесте бойынша дәрігерлер екі апта бойына «жорыққа» шыққандай, түзде жүріп, әр станцияға екі күннен тоқтап, халыққа қызмет көрсетеді. Шыңғырлау, Теректі, Зеленый, Тасқалы аудандары мен ауылдарының әкімдіктері пойыздың келетіндігі туралы алдын ала хабардар етілді. Аталған медициналық қызметтерге сұраныстың көптігі Шыңғырлау станциясына медициналық пойыз үшін таңертеңгі сағат 10.00-нан бастап, біраз халықтың адамның жиналып қалғандығынана-ақ белгілі болды. Пойыздың ендігі бағыты – Амангелді станциясы.