Астық тиелімі – күн тәртібінде
Жаңалықтар
13.10.2017, 19:24
Жаңа егіндіктің астық тасымалын ұйымдастыру мәселелері «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының басшысы Қанат Алпысбаевтың төрағалығымен өткен отырыста талқыланды.
Жиынға ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктерінің, астық жүгі тасымалы бойынша ірі қазақстандық оператор «Астық транс» АҚ, астық және өзге де ауылшаруашылық жүктері бойынша ресейлік жетекші темір жол инфрақұрылымы операторы «Русагротранс» ЖАҚ өкілдері мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ желілік кәсіпорындары басшылары, сонымен бірге Қазақстанның астық нарығында қызмет ететін трейдерлер қатысты.
Қанат Алпысбаев астық тасымалын нақты ұйымдастыру мен қамтамасыз ету өзектілігіне тоқтала отырып, көлік компаниясы ретінде жүктің көлемі мен оның географиялық бағытын білу жылжымалы құрамды дұрыс бөлу үшін қажет және өте маңызды екенін атап өтті.
Оның айтуынша, Ұлттық компанияның ұтымды қызметінің нәтижесінде осы жылдың 9 айында 5,5 млн тонна астық тиелген. Соның ішінде республиканың ішкі бағытында 1,9 млн тонна, экспортқа – 3,6 млн тонна астық тиелген. Бірақ, астық тиеліміне қатысты биылғы көрсеткіш өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 98% құраған. Оның себебін, «ҚТЖ» ҰК»АҚ басшысы өткен жылмен салыстырғанда, Латвия, Беларусь, Қырғызстан нарықтарына тиелетін жүк көлемінің азаюымен байланыстырса, есесіне, қазақстандық астық пен пен дәнді дақылдардың тиелімі Ауғанстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжанға өскен. Ол сондай-ақ дәнді дақылдар таситын кемелердің қазақстандық паркінде 9 мың вагон бар екенін, оның 6252-сі астық жүгі тасымалы бойынша ірі қазақстандық оператор болып табылатын «Астық транс» АҚ басқаруында екенін атап өтті.
Мадина ТҰРҒЫМБАЕВА
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты