Өтпедегі өнімді жұмыс

Жаңалықтар
13.10.2017, 19:29
Осы аптаның сейсенбісінде Астана станциясындағы №805 өтпеде 16 сағаттық толаскезге ұласқан күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жоспарлы жол жұмыстарының басы-қасында Ірілендірілген Астана жол дистанциясының, қозғалыс, байланыс саласының еңбеккерлері жүрді. Таңертеңгілік жөндеу жұмыстары жүріп жатқан телімге барғанымызда арнайы техникамен ескі ағаш шпалдар мен рельстер қопарылып алынып, тұрған жері қазылып тасталған екен. Енді 40 см -дей биіктікпен қиыршық тас төселмек. Жалпы қиыршық тас төсеу мақсаты, жаңбыр мен қар ерігенде су тас арасына сіңіп кетуі керек. Бульдозерлер жер төсемдерін дайындап, жаңадан топырақ төгіп, тегістеп жатыр. Күрделі жөндеу жұмыстарын «Теміржол жөндеу» мекемесіне қарасты Тілеухан Ақбаев басқаратын «Астана ПМС» филиалының 120 адамы, 10-ға жуық техникасы жүргізіп жатыр екен. Ал жөндеу жұмыстарының сапалы орындалуын қадағалап және оны қабылдап алу үшін Ірілендірілген Астана жол дистанциясы директорының орынбасары Серік Айқынбеков бастаған жолшылар және ДС пен ШЧ қызметкерлері де осында жүр. Қолдарына күрек алып техника мүмкіндігі жетпейтін жерлердің топырағын ортаға тастап жатқан жолшылар үшін қазан айының бұл аптасы жайма-шуақ болып, кедергісіз жұмыс істеуге қолайлы болып тұр.  Мұның барлығы жолдың қауіпсіздігі және жылдамдықты арттыру мүмкіндігіне қатысты жасалатын жұмыстар. –«Темір де тозады» демекші, бұл өтпедегі рельстер мен шпалдар да уақыт өте келе тозып, өзінің қызметтің мерзімін толық өтеп бітті. Сол себепті мерзімі келгеннен кейін ескі ағаш шпалдардың бәрін алып, жаңа темірбетон түрімен ауыстырамыз. Бағыттама бұрма қалады. Мердігер мекеме бұған дейін Жайнақ пен Астана арасындағы перегонда жұмыс істеп келді. Енді станцияның басындағы өтпеде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.  Осы жылы шілденің бірінен бастап 40 шақырымдай станция аралық жолдарды жаңартылды. Бұл жолдардың барлығы 1989 жылдардан бері жаңартылмаған, тозығы жеткен жолдар болатын. Мынау өткел жолы жолаушылар пойызына арналған. Қазір кесте бойынша пойыздар басқа жолдар арқылы кіруде. Біздің бұл жердегі басты қызметіміз жұмысты қабылдап алу және көрші жолдармен пойыздар өткен кездегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Қабылдайтын өзім, телім бастығы және белгі берушілеріміз бар, –дейді Серік Айқынбеков. Орталық базасы Қырқыншы станциясында орналасқан  «Астана ПМС» мекемесі 2017 жылға «Қазақстан темір жолы» компаниясымен барлығы 57 км жолға күрделі жөндеу жасауға келісімшарт жасаған. Сол жоспарға сай жұмыстар жалғасуда. –Бүгінгі күнге 3 телім бар. Тастақ – Жайнақ, Жайнақ – Астана. Бір перегонды бітірдік. 21 шақырымдық тағы бір перегонды болдық. Қазір үшінші перегон Төңкеріс – Астана бойында жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Содан бастап келе жатырмыз. Мына өткел ұзындығы 125 метр. Мұны бүгін кешке сағат онда аяқтап, қозғалысты ашқан соң, ертең станцияның 1112 метрлік 7-ші жолын күрделі жөндеу үшін үш күндік, яғни 72 сағат тағы толаскез жариялаймыз. Содан соң  тағы 3-ші жол қалып отыр. Бірақ оның орнына Жайнаққа жасаймыз. 1300 км. Сонымен биылдыққа біздің жұмысымыз  тәмамдалады. Жалпы мекемеде 300-дей адам  еңбек етеді, – дейді «Астана ПМС» мекемесінің директоры Тілеухан Ақбаев. Теміржол өткелін кесіп өтетін автокөліктер бұл күні қаланың басқа өткелдері мен жолдарын пайдаланды. Әкімдік келісімімен де жасалып жатқан жөндеу жұмыстары кезінде соны пайдаланған жергілікті билік толаскезде өткелдің екі жағындағы тозығы жеткен автожолды да жөндеуге кірісіп кетіпті. Ал Астана белгі беру және байланыс дистанциясы директорының орынбасары Елубай Ысқақов бастаған 25 байланысшы жұмыс біткесін өздеріне тиесілі кабельдер мен жол қорапшаларды, дросселдерді тексеріп алмақ.  Сөйтіп, Астана станциясының басында жұмыс көрігі қызған. Жол шаруашылығында 17 жылдық тәжірибесі бар теміржолшы, «Астана ПМС» мекемесі директорының орынбасары Нұрлан Есенгелдиннің айтуынша, жол жөндеу кезінде 1 км жерге 3000 текше қиыршық тас түсіріледі екен. Өзінің қарамағында 6 жол шебері, 70-80  жолшысы бар, қалғандары механиктер. Әдетте вахталық әдіспен өздерінің кластық 5-6 вагондық пойыздарымен көшіп жүретін мердігерлер бұл жолы уақытша тұрақтарын №39 бекет тұсына қалдырыпты. Жоспарлы жұмыстары бітіп, жол дистанциясына бәрін тапсырғанға дейін олар сол вагондарда өмір сүреді. Ең бастысы – қауіпсіздік үшін жасалып жатқан жұмыстар өз ісінің білгірлерінің қолынан шығып жатқаны сенімділік пен сапалы қызметке кепілдік береді.

Райхан РАХМЕТОВА Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты