Айлық тағы бір айға созылды

Жаңалықтар
13.10.2017, 19:33
Теміржолдың қауіпті аймақ екенін тұрғындарға түсіндіру үшін Арыс ірілендірілген жол дистанциясында 31-тамыз бен 30-қыркүйек аралығында «Абайлаңыз! Темір жол – қауіпті аймақ» айлығы өткен болатын. Қауіпсіздікті күшейту үшін айлық уақыты отызыншы қазанға дейін созылды. Аталған дистанциясының еңбек және техника қауіпсіздігінің инженері Адамбек Исмайловтың айтуынша, «ҚТЖ» ҰК» АҚ  Магистральдық желі дирекциясы бойынша тоғыз айда 51 адамды пойыз басу дерегі тіркелген. Мұның бәрі бөгде адамдардың теміржол бойында емін-еркін жүруінен орын алып отыр. Жоғарыдағы айлық барысында Арыс – Түркістан – Сарыағаш телімі арасындағы жол шеберлері, техниктер, еңбек қорғау инженерлері Шойтөбе, Отырабат, Жылға, Шеңгелді сынды бекеттердегі 31 мектепке барып, 1893 оқушы мен мұғалімді қатыстырып, жиналыс өткізіпті. Қысқаша айтқанда, балаларға локомотив адамды көргенде тоқтай салатын автомобиль еместігін түсіндірген. Одан кейін теміржол жиегіндегі ауылдардың 1136 тұрғыны қатысқан 35 кездесу болған. Арасында жолшылар Арыс станциясындағы ЖІІБ тәртіп сақшыларымен 7 рейд жүргізіп, ережеге елең етпеген 14 адамға  ескерту берген. Түркістандық «Тұран – Түркістан» теларнасында қауіпсіздік жайлы хабарлама көрсетіп, Түркістан аудандық газетіне мақала шығарған. Енді осы жұмыстарды алдағы бір ай ішінде тағы жалғастырмақ.   – Ақпанның соңында Темір – 37 разъезд телімінің 3167 шақырымындағы  бұрылыс жолда 1981 жылғы Әсет Ералиев есімді қойшы жігітті пойыз басып кетті. Машинист 700-600 шақырымнан белгі бергенмен жігіт назар аудармаған. Тежегішті басқанның өзінде үлкен жүкпен келе жатқан локомотив амалсыз жігітті қағып өткен. Ата-анасының айтуынша, бір күн бұрын жігіт үйінде күні-түні демалмастан жұмыс істеген көрінеді. Таңертен мал бағуға шығып, содан қатты шаршап,  рельс үстінде ұйқылы ояу отырған. Ауыр жарақат алып, ауруханада екі күн жатқан соң қайтыс болыпты. Ал 2016 жылы осы Арыс – Түркістан телімінде ер кісі асығыс өтемін деп аяғын кесіп алса, екінші әйел өзін-өзі тастаған болатын. Жалпы, аталған дистанция бойынша Түркістан – Шорнақ теліміндегі  3103, 3102, 3106, 3107 шақырымдар қауіпті деп танылады. Яғни, Түркістаннан Қызылордаға шығар жолдағы теміржолдың екі жағында жағалай елді-мекен орналасқан. Жергілікті жұрт «Түрік» ауылы деп атайтын осы маңда жақында бір жасөспірімнің жолдан өтуінен машинист шұғыл тежегішті басқан. Бала аман қалып, жолшылар оқиға орнына келгенше қашып кетіпті. Аталған ауылда  жолдың бір жағына қоршау орнатылғанмен, халық өзіне ыңғайлы жерден есік ашып жүре береді. Сонымен қатар, Арыс қаласындағы 3110 км аралығы да қауіпті саналады. Арыс-2 станциясы мен Түркістандағы станция аумағының кейбір жеріне  қоршау жүргізілгенімен, аяқталмады. Магистральді желі дирекциясының  тапсырмасына орай Арыс-1 және Арыс-2 станциясының арасын қоршау 2018  жылға жоспарлануда, – дейді Адамбек Қабанбекұлы.  

Бекәли АЛТЫН, Шымкент

 
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты