Жаңа техникалар жолды сауықтырды
Жаңалықтар
17.10.2017, 15:39
Ел шығысындағы Семей жол дистанциясының теміржолшылары үшін биылғы күз әдеттегісінше қауырт жұмыспен өтуде. Қызу еңбектің әлі де жалғасатын түрі бар. Себебі, жоспар бойынша межеленген шараларды аяқтау қажет. Жол сауықтыру ісінде жыл үлесіндегі жоспарлы жұмыстарды діттеген мезгілінде аяқтау қажет.
Бүгінгі таңда білікті басшы Рахат Ботаспаев жетекшілік ететін ПЧ-39 мекемесі Дегелең – Семей телімі бойында күрделі жөндеу жұмыстарын қарқынмен жүргізіп жатыр. Көзделген меже көлемі тым ауқымды. Шаған мен Жалпақ станциялары аралығындағы участоктың 37,700 шақырымы толықтай қайта жаңартылуда. Осыған дейін күрделі телім саналатын аумақтағы күрделі жөндеу жұмыстары тамыз айында басталған болатын. Енді бірер күнде тәмамдалмақ. Қажетті материалдар мерзімінде келіп түсті. Сонымен қатар, жол техникаларынан ауыр типті УК 25/18, ВЛО – 300 және темірбетонды шпал төсеуші ХДВ машиналары жұмыс барысын мейлінше жылдамдата түсуде.
Жалпы, Дегелең – Талды аралығындағы жолды жаңалау шаралары осыдан бес жыл бұрын басталып қарқын алған-ды. Бүгінгі дейін түйіспесіз жолға 134 жұп бунақ рельс салынған. Аталмыш телім елдің теріскейі мен күнгейін жалғайтын, Тальго пойызы жүйткитін ерекше маңызды бағыт. Сондықтан да, бұл аумақ бойынша жолдың баллдық сапасын көтеру бірінші кезекте қарастырылған болатын.
Жалпы, жылжымалы құрамның телімнен кідіріссіз өткізілуі үшін жолдардың техникалық талапқа сай болуы басты міндет. Сол себептен, станциялық жолдарда да жөндеу жұмыстары іркіліссіз жүргізілуде. Бұл орайда, солтүстік тармақ саналатын Семей – Локоть бағытында орташа жөндеу жұмыстары қолға алынған-ды. Атап айтсақ, Ауыл – Семей телімінде ауыр типті РМ-80 машинасы жұмыс істеді. Сондай-ақ, кешенді КПМ техникасының көмегімен жолды терең тазалау шаралары да тыңғылықты жүргізілді. Жұмыстар аясында аумақ бойынша алдағы жылы да атқарылар шаралар межеленіп, келергі жылдың жоспарына енгізілді.
Жалпы, бүгінде аталмыш дистанция бойынша жол сауықтыру ісінде техникадан, соңғы үлгідегі заманауи жол машиналарынан қажеттілік жоқ.
Осынау шаралардан тыс дистанция жұмысшылары ағымдық жұмыстар жүргізу аясында шпалдар да ауыстыруда. Қазіргі күнге дейін бірінші типті 5806 шпал мен екінші типті 3500 шпал белгіленген жоспарға сай толық төселінген. Ал, ағымдық жөндеу жұмыстары аясындағы рельс ауыстыру бойынша Р – 65 типті рельстердің 7 шақырымы ауыстырылыпты. Бұл шаралар жыл үлесіндегі елеулі көрсеткіш.
–Әрине, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін еңбекті қорғау мен технологиялық процесс тәртібін сақтау аса қажетті мәселе. Бұл міндеттемелер аясында да жоспарлы шаралар бар. Оның бір парасына қысқа даярлық та кіреді. Жол сапасын артырумен қатар қатал маусымға әзірлікті де күшейттік. Соның нәтижесінде дәл қазіргі күні алдағы қысқа толықтай дайынбыз деуге негіз бар, – дейді ПЧ-39 мекемесі директорының орынбасары, атақты теміржолшылар әулетінің өкілі Серікқан Ақшалов.
Қазіргі күні аталмыш дистанция жол жөндеу бойынша жыл бойына белгіленген жоспарлы жұмыстарды толықтай еңсерді. Енді қысқы күтім шараларына кіріспек.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты