Тастүйін дайындығымен топ жарды

Жаңалықтар
17.10.2017, 15:44
Алдағы қыс маусымына дайындық шараларын пысықтау, бөлімшенің қалыпты жұмыс ырғағының бұзылмауын ұстану және №470-ЦЗ бұйрығын орындау мақсатында ағымдағы жылдың қыркүйек айының 18 мен 26 аралығында күзгі комиссиялық тексеру жұмыстары жүргізілді. Осы бұйрыққа сай Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесі директорының өкімімен теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және күзгі комиссиялық тексеруді өткізу комиссиясы мүшелері тағайындалып, сала нысандары бақылауға алынды. Сонымен оңтүстіктен басталған тексеру шаралары өңірдің солтүстік нүктесі Сексеуіл – Қөскөл телімінде жалғасын тауып, Сексеуіл, Қазалы және Қызылорда станцияларында тораптық жиын өтті. Онда жасалған жұмыстар сарапқа салынды. Жалпы күзгі тексеру комиссиясының жұмысы жайлы Қызылорда ЖТ бөлімшесінің техникалық бөлім инженері Ғабит Тілеубаев мәлімдеді. Ол бөлімше бойынша 778 кемшілік анықталғанын, қазіргі таңда осы анықталған кемшіліктерді дер кезінде жою шаралары қолға алынып, жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді. Комиссия мүшелерінің шешімімен Сексеуіл жол дистанциясы бойынша 3 бұрма жабылып, ондағы 1 жолда, Қазалы жол дистанциясы бойынша 8 жолда,  Қызылорда жол дистанциясы бойынша 2 жолда пойыздар қозғалысының жылдамдығына шектеу қойылған. Комиссия назарынан бөлімше телімдеріндегі станциялар мен бекеттердің жайы, өндірістік және еңбек тәртібінің жағдайы, ғимараттар, жасанды құрылыстар мен желілік құрылым нысандары тыс қалмады.  Жылжымалы құрамдардың қозғалысына шыдамды шойын жол төсеніші қабатының халі де тексерілді. Себебі жердің сууына байланысты топырақ қабатындағы өзгеріс жолшы қауымын әбігерге салатыны белгілі. Сонымен бірге кірме жолдар, жасанды құрылыстар, теміржол өткелдері, жол жиегіндегі мекемелерге қарасты жерлердің өрт қауіпсіздігінен сақталу шараларының сапасына да аса мән берілді. Жалпы алғанда күзгі тексеру комиссиясының назарынан өткізілген нысандардың дені қысқы маусымда жұмыс жасауға дайын болып шықты. Комиссия мүшелері қыс маусымына дайындықты пысықтайтын күзгі байқауға тастүйін дайындығымен ерекшеленген мекеме-кәсіпорындарды ескерусіз қалдырмады. Мәселен, тыңғылықты жұмысымен көзге түскен Шорнақ, Бесарық, Талап, Жаңақорған, Майлыбас, Қорқыт, Сапақ, Арал теңізі, Промежуточная, Белкөл станциялары үздік деп танылса, бөлімше мекемелері арасынан Қазалы вагон пайдалану депосы, Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясы, Қызылорда және Сексеуіл локомотив пайдалану деполары, «Вагонсервис», «Жолаушы тасымалы» және Қызылорда қалпына келтіру пойызы үздік дайындық үшін марапатталды. Бөлімше басшылығы мен кәсіподақ комитетінің төрағасы қол қойып, мақұлдаған кестеге сай іргелі темір жол мекемелері тарапынан кіші бекеттердің дайындығына және абаттандыру жұмыстарының жүргізілуіне,  тазалық шараларына адам күші есебінен қолдап шефтік көмек беру шараларын жоғары деңгейде ұйымдастырған НОРПОЖ, ВЧД-6, ЭЧ-25, ЭЧ-26, ПЧ-57, ТЧЭ-34, ТЧЭ-36, ВП-40 және ВП-41 мекемелерінің басшылығы мен ұжымдарына алғыс жарияланды. 

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты