Ольга СТЕБЛЯНКО, Өскемен
Қамданыста кірбің жоқ
Оқуға 2 мин
Қыс маусымы қатал. Қылтың-сылтыңды көтермейді. Темір жолдың дайындығы нақ осы кезде сыналады. Шығыс Қазақстан жүк тасымалы бөлімшесі үшін «кәрі құданың» қытымыр мінезі таңсық емес. Қатал маусымға әзірлікте мін жоқ.
–Қыс маусымында жұмыс істеуге шаруашылықтар мен темір жол кәсіпорындары кадрларын дайындау бойынша бізде арнайы бұйрық шығып, Шығыс Қазақстан ЖТ бөлімшесі директоры Нұржан Келбұғановтың төрағалық етуімен штаб құрылды. Шаралар жоспары түзіліп, селекторлық кеңес өткізу кестесі жасалып, бекітілді. Сонымен қатар, қар жинайтын жұмыстар жоспары жасалып, келісілді, барлық сұрыптау және қабылдап-жөнелту жолдары қоқыстар мен шлактардан тазартылды. Қармен күрес жұмыстарына барлық темір жол станцияларының жұмыскерлері жұмылдырылады, – деді Шығыс Қазақстан жүк тасымалы бөлімшесінің бас инженері Самат Төлепов. – 27 жекелеген пунктте қызметтік бағдарлар жағдайы тексеріліп, жол арқылы өтетін өтпелерде «Қызметтік өткел» сол сілтегіштері мен төсемелердің болуы анықталды. Қыс маусымында жұмыс істеуге барлығы 104 «алғашқыстаушылар» дайындалып, олар тәжірибелі жұмысшылардың қасына бекітілді.
Жалпы бүгінде Шығыс Қазақстан жүк тасымалы бөлімшесінің қызметкерлерінің барлығы «алғашқықыстаушыларды» қоса есептегенде арнайы киіммен қамтамасыз етілген. Көмірмен жабдықталу да 100%.
–Шығыс Қазақстан жүк тасымалы бөлімшесінде – 13 ұсақ қазандық бар. оның бесеуі вагон шаруашылығына, сегізі локомотив шаруашылығына тиесілі. Олардың бәрі жөнделген, тексерілген, қыс маусымында қалтқысыз жұмыс істеуге толық дайын, – дейді Самат Қашқымбекұлы. – Жыл сайын қыс маусымында арнайы оқытылған от жағушыларды жұмысқа аламыз. Жылу жүйесінің тоғыз нысаны да қысыммен тексеру процесінен өтіп, жуылып шайылды. Біздің баланста локомотив шаруашылығының 25 ғимараты мен кеңсесі бар. Барлық нысан қатал маусымда жұмыс істеуге сақадай сай тұр.
Шығыс Қазақстан жүк тасымалы бөлімшесінің еңбеккерлері домбығып үсігуден сақтайтын мазьбен қамтамасыз етілген. Қатаң есепте тұратын қажетті мүліктердің және белгі беру құралдарының, атап айтқанда, тежегіш табандықтарының, радиостанциялардың, белгі беру шамдарының, сондай-ақ, вагондардың тежегіштерін жұмсарту үшін графитті майлау қорлары жасалды.